Қазақстан халқының табиғи ресурстарға меншік құқығы туралы конституциялық новелланың жүзеге асырылуы
Қаралымдар: 131 / PDF жүктеулері: 110
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-145-4-59-72Кілт сөздер:
халықтың табиғи ресурстарға меншік құқығы, мемлекеттік меншік, табиғи ресурстардың түрлері, халық құқық субъектісі ретінде, меншік иесінің өкілеттіктері, иелену және пайдалану, ерекше меншік құқығы, заңды иелену, қоғамдық сервитут, конституциялық нормаларды жүзеге асыруАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген табиғи ресурстарға халықтың меншік құқығының құқықтық квалификациясы және бұл құқықты іс жүзінде жүзеге асыру мәселелері талқыланады. Осы мақсаттарда жаңа санаттағы меншік құқығының субъектілері мен объектілеріне қатысты мәселелерге теориялық талдау жасалды, салалық заңнамалық актілерге конституциялық жаңашылдықты енгізу мәселелері және осы саладағы заңшығарушылық қызметтегі заңнаманы жүзеге асыруға кедергі келтіретін кемшіліктер талданды. Халықтың табиғи ресурстарға меншік құқығы анықталды.
Меншiк иесiнiң өкiлеттiгiн талдай отырып, бұл категорияны меншік құқығының және жалпы заттық құқықтың басқа нысандарынан ажырата отырып, меншiк құқығының жаңа категориясының кейбiр маңызды белгiлерi мен сипаттамалары анықталды; Табиғи ресурстарына халықтың меншiк құқығы белгiлi бiр сипаттамалары бар ерекше заттық құқық ретiнде айқындалады.
Осыған байланысты, басқа тұлғаларға тиесілі табиғи ресурстар учаскелерін мақсатты түрде иелену және пайдалану сервитуттық құқықтарын және табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде алынатын табыстың бір бөлігін алу арқылы халықтың табиғи ресурстарға меншік құқығын іске асырудың жанама әдісі мәселелері қарастырылады.
Қорытындыда автор қаралған мәселелердің нәтижелері бойынша нақты тұжырымдар жасады.