Қазақстан Республикасында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің құқықтық аспектілері
Қаралымдар: 113 / PDF жүктеулері: 149
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-145-4-27-37Кілт сөздер:
экологиялық құқық, ауыз су, экологиялық қауіпсіздік, су ресурстары, тұщы су, су реформасы, қоршаған ортаны қорғауАңдатпа
Ұсынылып отырған мақалада халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің құқықтық мәселелері зерттелген. Заманауи жағдайда халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің маңызы мен оған құқықтық ықпал етудің қажеттіліктері қарастырылған. Бүгіңгі таңда дүниежүзінде әлемдік климат өзгеруімен немесе басқада факторлардың себебінен, су тапшылығы проблемасы туындап отыр. Табиғи құқық тұрғысынан келгенде адамзаттың сапалы суға деген құқығы тең және ешкімге өзге тұлғалардың алдында артықшылық берілмеуі тиіс. Себебі, сапалы ауыз суға халықтың денсаулығы сәйкесінше әлеуметтік жағдайы тікелей байланысты болып отыр. Су ол адамның табиғи қажеттілігін ғана қанағаттандырып қоймай оның денсаулығына да әсері болатыны сөзсіз. Мақаланың басты мақсаты халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді теориялық құқықтық тұрғыдан зерттеп, отандық заңнама мен тәжірибені жетілдіру бойынша ұсыныстар келтіру. Мақаланың негізгі бөлігінде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің тарихи құқықтық аспектілеріне талдау, қазіргі таңда реттелу жағдайын қарастыра отырып Қазақстан республикасының жағдайында жетілдіру тетіктерін ұсыну. Авторлар қорытынды бөлігінде Қазақстан Республикасы жағдайында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жетілдірудің тиімді жолдарын ұсынады.