Жекелеген санаттарды қараудың процестік ерекшеліктері
Қаралымдар: 137 / PDF жүктеулері: 143
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-145-4-138-145Кілт сөздер:
азаматтық процесс, азаматтық істер санаттары, еңбек даулары, оңайлатылған іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу тетігі, соттарға жүктемені азайтуАңдатпа
Мақалада азаматтық істердің жекелеген санаттарын қараудың іс жүргізу ерекшеліктеріне зерттеу жүргізілді. Азаматтық сот ісін жүргізуде қаралатын істердің әртүрлі санаттарының ерекшеліктері азаматтық дауларды уақытылы және әділ шешуді қамтамасыз ету үшін заңнамаға ерекше назар аударуды және дер кезінде өзгерістер енгізілу қажеттілігі туындайды. Азаматтық дауларды шешудің құқықтық механизмі белгілі екі элементтік негізде құрылады: сотқа дейінгі/соттан тыс, соттық негізде. Бұл қарапайым ережені елемеу соттарды шамадан тыс істерге жүктелуіне әкеледі, бұл олардың жұмысының сапасына кері ықпал етеді. Мақалада әсіресе еңбек дауларын қарау мәселелерін зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді. 2015 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процесстік кодексі қабылданған кезде айтарлықтай өзгерістеріне, істерді сот талқылауына дайындау және қарау мерзімдері мәселесі көңіл аударылып, жан-жақты ашылған. Қазіргі таңда азаматтық процесстік кодексінде келтірілген азаматтық дауларды шешуді оңайлатылған іс жүргізу тәртібі еңбек қатынастарынан туындайтын даулар істерінің сипаты мен ерекшеліктерін толық есепке алынбайды. Мақаланың қорытындысы бойынша істердің жекелеген санаттары үшін, атап айтқанда еңбек қатынастарынан туындайтын істер бойынша оларды шешудің жеке іс жүргізу үлгісін әзірлеуге бағытталған ұсынымдар сипатталған. Атап айтқанда, еңбек дауларында істі қараудың қысқа мерзімдерін қарастыруға болатын тұжырымдар келтірілген. Сондай-ақ олардың салалық санатына қарай істерді қарауды жеделдету үшін арнайы рәсімдерді енгізуге болады.