Қазақстан Республикасында «жасыл» мемлекеттік сатып алу институтын дамытудың заңнамалық негіздері


Қаралымдар: 60 / PDF жүктеулері: 82

Авторлар

  • Анар Мукашева «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
  • Талап Нурекешов «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесі
  • Ерлан Айтказин «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесі

Кілт сөздер:

«жасыл» мемлекеттік сатып алулар, экологиялық өлшемшарттар, конкурс, тұрақты мемлекеттік сатып алу, экология, экологиялық таңбалау, өнім беруші

Аңдатпа

Ғылыми мақалада экологиялық өлшемшарттарды ескере отырып мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алуды жүзеге асырудың немесе «жасыл» мемлекеттік сатып алу институтының елімізде жұмыс істеуінің құқықтық негіздеріне шолу жасалған. Мемлекеттік сатып алулар кезінде экологиялық өлшемшарттардың пайдаланылу тұрғысынан шолу жасау арқылы оның іс жүзінде қолданылуына баға беру мақсатында мақала авторлары қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізген және талқыланып жатқан жаңа заң жобасын ескере отырып аталған институттың елімізде дамуына байланысты болжамдар жасаған. Оның толыққанды іске қосылуы үшін қажет заңнамалық қамтамасыз ету жолдары талқыланған. Шет елдердегі сәтті тәжірибелер қарастырылған.

Мақалада қойылған мақсат елімізде мемлекеттік сатып алу саласын реттейтін қолданыстағы заңнамаға экологиялық өлшемшарттардың пайдаланылу тұрғысынан шолу жасау арқылы оның іс жүзінде қолданылуына баға беру, сонымен қатар жалпы «жасыл» мемлекеттік  сатып алу институтын заңнамалық қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне талдау жасау болып табылады.

Мақала авторлары «жасыл» мемлекеттік сатып алулар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсартудың маңызды құралы болып табылатындығын ескере келе, елімізде аталған институтты енгізу маңызды қажеттілік деген түйінге келеді. Алайда, ол үшін, авторлардың пікірінше мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде экологиялық талаптар мен шарттардың нақты құқықтық тәртібі бекітілуі қажет. Қабылдануы тиіс жаңа заң мен жалпы салаға енгізіліп жатқан өзгерістер елдегі «жасыл» мемлекеттік сатып алу институтының сәтті іске қосылуы үшін маңызды өзгерістер. Дегенмен, негізгі заңмен бірге бекітілуі тиіс ережелердің де сапалы болуы аса маңызды қажеттілік болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мукашева, А., Нурекешов, Т. ., & Айтказин, Е. . (2024). Қазақстан Республикасында «жасыл» мемлекеттік сатып алу институтын дамытудың заңнамалық негіздері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 146(1), 66–80. Retrieved from https://bullaw.enu.kz/index.php/main/article/view/308

Журналдың саны

Бөлім

Статьи