Құқықтық менталитет және нормашығармашылық
Қаралымдар: 138 / PDF жүктеулері: 146
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-11-23Кілт сөздер:
нормашығармашылық, электрондық нормашығармашылық, құқықтық менталитет, құқықтық сана, құқықтық мәдениетАңдатпа
Құқықтық жүйе үшін барлық элементтердің тиімді қызмет етуі өте маңызды. Құқықтық жүйе – бұл белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған жүйенің ең күрделі нысаны және жұмыс істеу процесінде өзін-өзі құрылымды өзгертуге қабілетті жүйе болып табылады. Қоғамның және тұлғалардың құқықтық менталитетінің ерекшеліктерін зерделей отырып, нормашығармашылықты зерттеудің қажеттілігі қазақстандық қоғамда құқықтық сана және құқықтық мәдениет деңгейін жаңа деңгейге көтеруге өз септігін тигізеді. Бұл ұлттық құқықтық ғылымның маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қоғамдық ақпаратқа қолжетімділік және азаматтардың мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу «ақпараттық қоғамның» құқықтық жүйесін жетілдірудің маңызды құралы болып табылады. Ақпаратқа қол жетімділік азаматтарға билік органдарының қызметіне бақылау жасауға мүмкіндік береді, сол арқылы, құқықтық озбырлыққа жол берілмейді. Осы тұрғыда азаматтардың электрондық нормашығармашылық қызметке белсенді қатысу ұстанымын қалыптастыру маңызды. Мақалада қазақстандық қоғамда азаматтардың нормашығармашылық қызметке қатысу, құқықтық менталитетті қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Зерттеу нәтижесі ұлттық құқықтық жүйесінің қазіргі жағдайын талдау, құқықтық мәдениет, құқықтық сана және құқықтық менталитеттің бүгінгі тұрғыдан дамыту, терең түсіну бағыттары мен шараларын әзірлеу болып табылады.




