Жұмыскерлердің ақпараттық құқықтарын қорғаудың кейбір мәселелері
Қаралымдар: 80 / PDF жүктеулері: 114
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-140-3-72-80Аңдатпа
Цифрлық технологиялардың дамуымен байланысты жұмыскерлердің ақпараттық құқықтарын қорғау мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Көптеген елдерде азаматтардың жеке ақпарат құқықтарын қорғау негізгі болып саналады, өйткені еуропалық көзқарасқа сәйкес, ол жеке өмірді қорғау құқығынан туындайды. Халықаралық және ұлттан жоғары деңгейлерде жалпы жеке деректерді қорғау және автоматтандырылған өңдеу кезінде деректерді қорғау ерекшеленеді, дәл осы соңғысы барған сайын егжей-тегжейлі реттеуге жатады. Мақалада кеңінен ақпараттандыру мен цифрландыру жағдайында жұмыскерлердің ақпараттық құқықтары мен айналымын құқықтық реттеуге қатысты кейбір мәселелер талқыланды. Қазақстандағы және кейбір шет елдердегі жұмыскерлердің ақпараттық құқықтарын қорғау туралы ережелер қарастырылды. Дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметі зерделенді, жеке ақпараттық құқықтарды қорғауды құқықтық реттеудегі олқылықтар анықталды. Мақала авторы жұмыскерлердің еңбекпен байланысты жеке ақпараттарын қорғау саласында да белгілі бір тұжырымдар жасаған.