Қылмысқа сыбайлас қатысудың түрлері және Болгария Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша іс-әрекеттерді саралаудың ерекшеліктері


Қаралымдар: 34 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-148-3-191-200

Кілт сөздер:

қылмысқа сыбайлас қатысу, орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші, қылмыс құрамы

Аңдатпа

Мақалада болгария заңнамасы бойынша сыбайлас қатысу интитутының ерекшеліктері қарастырылған. Заманауи ғылымда сыбайлас қатысу мәселелері ауқымды және жете зерттеудің пәні болып табылады. Алайда, сұрақтардың ауқымды аясы бойынша көзқарастарда бірізділік жоқ. Бұл тұжырым сыбайлас қатысу түсінігін анықтаудағы негізгі мәселе әрбір қатысушының және барлық қатысушылардың әрекеті ретіндегі сыбайлас қатысудың екіжақты табиғатымен де бектіледі. Дәл осыған қылмысты тікелей орындаушылар мен айдап салушыны, көмектесушілерді қылмыстық жауаптылыққа тартудың тәртібі мен шектері тәуелді болып келеді, сонымен қатар сыбайлас қатысумен жасалған қылмыстарды өзге дара жасалған қылмыстардан ажыратуға ықпал ете отырып, қылмыстылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының қызметі де және заңдылықты орнатуда сыбайлас қатысудың табиғатын дұрыс анықтаудан тәуелді болып келеді.

Зерттеудің өзектілігі ұзақ уақыт бойында қылмысқа сыбайлас қатысушылардың саралануы туралы пікір-таластардың толастамауы және тиісті мәселе бойынша бірыңғай көзқарастың қалыптастырылмауымен түсіндіріледі. Мұның барлығы қылмысқа сыбайлас қатысушыларды саралаудың объективті, субъективті және аралас деген бірнеше тұжырымдарының қалыптасуына негіз болды. Дегенмен, әрқилы ұстанымдардың бар болуына қарамастан, ғалымдардың басым көпшілігі сыбайлас қатысушыларды олардың қылмысқа қатысуының сипаты мен деңгейіне тәуелді саралау қажеттілігін негіздеуде. Осыған байланысты Болгария Республикасының қылмыстық құқық теориясындағы сыбайлас қатысу институтын зердлеу аса маңызды болып табылады. Тиісті мақалада сыбайлас қатысу мәселесі күрделі қылмыстық іс-әрекет призмасы арқылы қарастырылады, себебі сыбайлас қатысу қылмыстылықтың аса күрделі мәселелерінің бірі болып қала беруде, өйткені анағұрлым қаупті қылмыстар бірнеше тұлғалардың бірлескен іс-әрекеттерімен жасалады.    

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тургынбек, Г., Абдукаримова, З., & Рзабай, А. (2024). Қылмысқа сыбайлас қатысудың түрлері және Болгария Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша іс-әрекеттерді саралаудың ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 148(3), 191–200. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-148-3-191-200

Журналдың саны

Бөлім

Статьи