Діни саладағы құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық
Қаралымдар: 20 / PDF жүктеулері: 8
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-149-4-11-23Кілт сөздер:
әкімшілік жауапкершілік, әкімшілік құқықбұзушылық, кодекс, конфессия, діни бірлестіктер, діни рәсімдер, дін бостандығыАңдатпа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі діннің қазіргі қоғам өміріне тигізетін ықпалымен байланысты. Діни нанымдар көбінесе адамгершілік-этикалық стандарттарды қалыптастырудың негізі болып табылады, адамдарды рухани жетілдіруге бағытталған құндылықтар жүйесі мен мінез-құлық ережелерімен қамтамасыз етеді. Бірақ олар заңның, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғатын адамдар арасындағы келіспеушіліктерге, дауларға және жанжалдарға да себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттеу үшін қажетті құқықтық база жасалған. Осы мәселелер бойынша заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы нормалар қарастырылған. Сонымен қатар, қазақ қоғамында болып жатқан процестер деструктивті діни ағымдардың ықпалынан туындаған діни саладағы құқық бұзушылықтардың көбейгенін, сондай-ақ халықтың кедейшілігінің өсуін көрсетеді. Осыған байланысты мемлекет діни бірлестіктер тарапынан да, жекелеген діндар азаматтар тарапынанда, сондай-ақ миссионерлік қызметпен айналысатын адамдар тарапынан да құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қажетті заңнамалық, ұйымдастырушылық және алдын алу шараларын қолдануға міндетті. Бұл мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде ұсынылған жаңалықтарды талдау және оларға құқықтық баға беру. Зерттеу барысында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік мәселелерін құқықтық реттеудің шетелдік тәжірибесі зерделеніп, оның Қазақстан заңнамасымен, сондай-ақ қолданыстағы құқық қолдану тәжірибесімен салыстырмалы талдауы жүргізілді. Осының негізінде республиканың әкімшілік және деликттік заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.