Қазақстанның қазіргі даму жағдайында су заңнамасын реформалаудың өзектілігі


Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 15

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-152-3-134-144

Кілт сөздер:

су ресурстары, су заңнамасы, суды пайдалану, суды үнемдеу, су кодексі, су ресурстарын басқару, климаттың өзгеруі, трансшекаралық сулар

Аңдатпа

Ғылыми мақалада еліміздің қолданыстағы су ресурстарын басқару қызметін реттейтін заңнамасына шолу жасалынып, қалыптасқан жағдайға баға берілген, Қазақстанның қазіргі даму кезеңіндегі су заңнамасын реформалаудың өзектілігі талқыланады. Мақала авторларының пікірінше бүгінгі таңда су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы қатынастардықұқықтық реттеудегі мәселелерді шешуде жаңа көзқарастардың қажеттілігі байқалады. Мұндай қажеттілік бірінші кезекте мемлекетте туындап отырған экологиялық және экономикалықмәселелер жағдайындағы жаңа сын-қатерлерден келетін қауіптің артуымен байланысты.

Ғылыми мақалада қойылып отырған мақсат еліміздің қолданыстағы су ресурстарын басқару қызметін реттейтін заңнамасына шолу жасау, қалыптасқан жағдайға баға беру, сонымен қатар Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде су заңнамасын реформалау әрекеттері менмүмкіндіктеріне талдау жасау болып табылады.

Жаңа министрліктің құрылуымен сала үшін қажетті нормативтік құжаттар әзірленіп, су ресурстарын ұлғайту бойынша жобалар іске асырыла бастады, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қажет шаралар қолға алынған. Алайда, авторлардың ойынша ұлттық деңгейде де, мемлекетаралық шарттық-құқықтық қатынастар деңгейінде де қолданыстағы заңнаманың мүмкіндіктері туындап отырған жаңа сын-қатерлерді толық ескере бермейді, сол себепті одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

Авторлар саланы реттейтін жаңа кодекстің қабылдануы, стратегиялық құжаттардың қайта қаралуы және саланы дамытудағы мемлекеттік саясаттың жаңа бетбұрысы бүгінгі күннің қажеттілігі және өзекті деген түйінге келеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Оразалиев K., Нурекешов T., & Рахымбекова A. (2025). Қазақстанның қазіргі даму жағдайында су заңнамасын реформалаудың өзектілігі. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 152(3), 134–144. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-152-3-134-144

Журналдың саны

Бөлім

Статьи