Қазақстан Республикасында балаларды әлеуметтік қорғаудың құқықтық саясаты


Қаралымдар: 137 / PDF жүктеулері: 153

Авторлар

  • А.А. Есекеева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0002-7799-1661
  • А.Қ. Отеуова Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
  • Г.А. Куаналиева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0003-4634-8363

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-109-120

Кілт сөздер:

әлеуметтік кодекс, ювениалды әділет, әлеуметтік қорғау, бала құқықтары, омбудсмен, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі, құқықтық саясат, ұлттық жоспар

Аңдатпа

Мақала  Қазақстан Республикасында балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтық саясат мәселесіне арналған. Мақаланың мақсаты балаларды әлеуметтік қорғау құқығын теориялық негіздеу, сондай-ақ, балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтық саясатын кешенді талдау болып табылады

Бұл ғылыми мақалада Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттің құқықтық саясаты мәселелері зерттеледі. Зерттеу шеңберінде «әлеуметтік қорғау» ұғымының мәні, мазмұнына талдау жасалады.

Ресей және Түркия мемлекеттерінде бала құқықтарын қорғау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жолында нақты қадамдар жасалуда. Қабылданған стратегиялық құжаттардың жүзеге асырылуымен мемлекеттің қандай оң нәтижелерге қол жеткізетіндігі де айқын.

Авторлар зерттеу жұмысында жалпыдан жекеге өту қағидасын ұстанады. Авторлар Ресей және Түркия мемлекеттерінің бала құқықтарына қатысты мемлекеттік саясатын салыстырмалы түрде талдай отырып, елімізде ұзақ мерзімге арналған бала құқықтары жөніндегі стратегиялық құжат пен іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет екенін дәлелдейді және жоспардың қандай қағидаларға негізделетінін де ашып көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есекеева, А. ., Отеуова, А., & Куаналиева, Г. . (2025). Қазақстан Республикасында балаларды әлеуметтік қорғаудың құқықтық саясаты. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 153(4), 109–120. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-109-120

Журналдың саны

Бөлім

Статьи