Жануарлардың құқықтық режимінің экологиялық және биоценетикалық аспектілері
Қаралымдар: 300 / PDF жүктеулері: 119
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-151-2-185-197Кілт сөздер:
жануарларды қорғау, экологиялық тұрақтылық, биоценетика, құқықтық реттеу, табиғат қорғау заңнамасы, биологиялық алуан түрлілікАңдатпа
Ұсынылып отырған ғылыми мақалада жануарлардың құқықтық режимінің экологиялық және биоценетикалық аспектілері талқыланады. Жануарларды қорғау мәселесі экологиялық тұрақтылық пен биологиялық алуан түрлілікті сақтау үшін аса маңызды. Құқықтық реттеу жүйесінің жануарлардың қорғалуы мен олардың мекендейтін ортасын сақтау үшін үлкен мәні бар. Қазіргі уақытта заңнамалық деңгейде жануарларды қорғау, оларды пайдалану және саудаға шығару, сондай-ақ қоршаған ортаның экологиялық балансын сақтау жөніндегі нормалар қарастырылған. Экологиялық аспектілер жануарлар дүниесін қорғау мен сақтау шараларының, табиғат қорғау заңнамаларының жүзеге асырылуын қамтиды. Ал биоценетикалық аспектілер жануарлар мен өсімдіктер арасындағы өзара байланыстарды сақтап, олардың тіршілік ету шарттарын тиімді қамтамасыз етуге бағытталған. Мақалада жануарларды құқықтық қорғаудың негізгі принциптері, табиғаттың биологиялық тепе-теңдігін сақтау мақсатындағы құқықтық механизмдер мен шаралар ұсынылған. Осы тұрғыдан, бұл зерттеу жануарлардың құқықтық режимін жақсарту бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын AP19679495 «Жануарлардың құқықтық режимін регламенттеу мәселелері: отандық және шетелдік тәжірибе» жобасын іске асыру мақсатында дайындалды.




