Ауырлататын мән-жайларда бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашудың сипаттамасы


Қаралымдар: 195 / PDF жүктеулері: 71

Авторлар

  • А.Б. Байсултанов Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-139-2-76-87

Аңдатпа

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабының 2-бөлігімен көзделген бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашуды ауырлататын мән-жайларда жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы мәселелер қоғамдық қауіптілігі дәрежесі жағынан едәуір алаңдатады. Сол себепті ауырлататын мән-жайларда қашу жасауды зерттеудің өзектілігі еш күмән туғызбайды.
Зерттеудің мақсаты отандық және шетелдік қылмыстық заңдардағы осы қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлататын белгілерін салыстыра отырып, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныс білдіру болып табылады.
Зерттеу жұмысының нәтижесі қашудың ауырлататын белгілерін талдау, қолданыстағы норманы қолдануда әрқилы талқылауға жол бермеу үшін, заңды бір үлгіде қолдану мақсатында және қашу жасауда кінәлі адамдардың қоғамға қауіптілігі дәрежесіне қарай жауаптылығын жеке-даралау үшін, сондай-ақ бірнеше жылдар кезеңіндегі сот-тергеу тәжірибесінің материалдарын зерделеу негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабына бірқатар ауырлататын және аса ауырлататын белгілерді енгізу туралы ұсыныс білдіру. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабын жаңа 3-бөліммен толықтыруды, онда аса ауырлататын белгілерінің бірі ретінде «өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданылып не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалған қашуды» көздеу, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігіне тәуелді оны жасағаны үшін жауаптылық та жеке-даралану ұсынылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Байсултанов, А. . (2022). Ауырлататын мән-жайларда бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашудың сипаттамасы. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 139(2), 76–87. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-139-2-76-87

Журналдың саны

Бөлім

Статьи