Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқығын заңнамалық тұрғыдан жүзеге асыру мәселелері
Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 7
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-151-2-60-78Кілт сөздер:
азаматтардың конституциялық құқықтары, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері, денсаулық сақтау құқығы, әлеуметтік құқықтар, медициналық көмек құқығыАңдатпа
Денсаулықты қорғау құқығы Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарының бірі бола отырып, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени сипаттағы өзге де құқықтарды жүзеге асырудың негізін құрайды.Ұсынылып отырған зерттеу мақаласы денсаулықты қорғау құқығын басқа конституциялық құқықтар контекстінде қарастырады және авторлар оның мемлекеттің басқа да құқықтарды жүзеге асыруын қамтамасыз етудегі басты маңыздылығын атап көрсетеді. Жұмыста бұл құқықтың әлеуметтік, экономикалық және саяси сипаттағы басқа конституциялық құқықтармен өзара әрекеттесуінде және қатынасында жатқан рөлі егжей-тегжейлі негізделеді.
Денсаулықты қорғау құқығын реттеу саласындағы қазақстандық заңнаманың нормаларын зерделеу үшін құрылымдық, логикалық және диалектикалық әдістер қолданылды. Теориялық негізін жасау үшін халықаралық актілердің нормалары, оқу материалдары, ғылыми еңбектер, халықаралық ұйымдардың материалдары да зерттелді.
Авторлар мемлекеттік биліктің уәкілетті субъектілерінің Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабының ережелерін ресми түсіндіруді әзірлеу және денсаулық сақтау жүйесі мен халыққа медициналық көмек көрсету кіретін денсаулық сақтау саласын реттеуге арналған конституциялық нормалардың мәні мен мазмұнын нормативтік-құқықтық түсіндіру үшін Қазақстан Республикасының Конституциялық сотына тиісті өтініш жолдау қажеттігін атап көрсетеді.