Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы қылмыстық теріс қылықтың кейбір мәселелері
Қаралымдар: 75 / PDF жүктеулері: 392
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-139-2-100-108Аңдатпа
Мақала Қазақстанның заңнамасындағы қылмыстық теріс қылықтың әрекет етуімен байланысты өзекті мәселелерді зерттеуге арналған. Авторлар қолданыстағы қылмыстық заңнаманың нормаларын, сондай-ақ аяқталмаған қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін заң жобасының нормаларын талдайды. Көрші елдердің заңнамалық тәжірибесін ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылыққа дайындық пен оқталу үшін жауапкершілікті енгізудің сәйкессіздігі негізделген. Сондай-ақ, оның елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық саясатқа қайшы екендігі дәлелденуде. Автордың көзқарасы бойынша әлеуметтік шиеленістің және басқа салдардың ықтимал қауіптері туралы болжам жасалады. Бұдан басқа, заңнамаға енгізілетін жаңалықтарды дәйекті және жан-жақты зерделеу қажеттігі туралы қорытынды негізделген.