Тапсырыс берушілер мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың құқықтық жауапкершілік мәселелері туралы
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 6
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-152-3-85-104Кілт сөздер:
тапсырыс беруші, құқықтық жауапкершілік, ашықтық, құқық қолдану, мемлекеттік сатып алу қағидаттарыАңдатпа
Бұл мақалада авторлар мемлекеттік сатып алу саласындағы тапсырыс берушілер мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың құқықтық жауапкершілігіне қатысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттейді.
Мақаланың мақсаты – мемлекеттік сатып алу субъектілерінің құқықтық жауапкершілігін талдау, проблемаларды анықтау және жетілдіру ұсыныстарын әзірлеу.
Зерттеудің негізгі бағыттары: мемлекеттік сатып алудағы құқықтық жауапкершіліктің теориялық негіздері, тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардың жауапкершілігін реттеу, практикалық мәселелер, тетіктерді жетілдіру. Идеялары – жауапкершілік шекаралары мен критерийлерін анықтау, құқықтық қайшылықтарды жою, заңнаманы жетілдіру, заңбұзушылықтардың алдын алу.
Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы. Мақала зерттеушілерге, заңгерлерге және мемлекеттік сатып алу саласында реттеу және бақылаумен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ осы саладағы ашықтық пен заңдылықты арттыру мәселелерімен қызығатын барлық тұлғаларға арналады.
Зерттеу әдістемесі. Бұл зерттеу жұмысы кешенді талдау жасауды талап етеді, сондықтан зерттеу жүргізу барысында жүйелі түрде жалпы және арнайы ғылыми-зерттеудің эмпирикалық және теориялық әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдаулары, қорытындылары. Зерттеудің нәтижесінде заңнамадағы олқылықтар анықталды, тәжірибеге талдау жасалды. Заңнаманы бұдан әрі жетілдіруге, тапсырыс берушілердің жауапкершілігін жетілдіруге қатысты тұжырымдар жасалды.
Бұл зерттеу тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардың жауапкершілігіне қатысты мәселелерді жетілдіруге елеулі үлес қосады. Ғылыми жаңашылдығымен, практикалық маңыздылығымен ерекшеленеді.
Жұмыс нәтижелерінің практикалық мәні. Жұмыс нәтижелерін тапсырыс берушілер, өнім берушілер, сот, құқық қолдану және реттеуші органдардың жұмыстарында қолдануға болады.