Кәсіби тәуекелдер кезіндегі еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктерді бағалаудың халықаралық тәжірибелері


Қаралымдар: 285 / PDF жүктеулері: 151

Авторлар

  • А.Р. Енсебаева "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК https://orcid.org/0000-0001-6970-8945
  • А.Ф. Яғмусова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0009-0004-3276-4264
  • К.Б. Байтерекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0009-0003-0753-3651

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-151-2-198-228

Кілт сөздер:

еңбек жағдайлары, кәсіптік тәуекел, әлеуметтік кепілдіктер, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары, әлемдік практика, әлеуметтік кепілдіктер тетігі, өтемақы төлемдері

Аңдатпа

Жаһандану және технологиялық даму жағдайында еңбек жағдайларын жіктеу, кәсіби тәуекелдерді бағалау және зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелері ерекше өзектілікке ие болуда. Бұл зерттеудің мақсаты – еңбек жағдайларын жіктеу мен кәсіби тәуекелдерді бағалаудың халықаралық тәжірибесін талдау және оның қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктеріне әсерін зерттеу. Негізгі назар Еуропалық Одақ, АҚШ және ТМД елдерінде қолданылатын тәсілдерге аударылды.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – әртүрлі юрисдикциялардағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды құқықтық реттеу заңдылықтарын анықтауда. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын жетілдіруде халықаралық тәжірибені қолдану мүмкіндігінде.

Зерттеудің әдістемелік негізі салыстырмалы-құқықтық талдауды, жүйелі және статистикалық әдістерді, сондай-ақ құқықтық модельдеудің әдістерін қамтиды. Зерттеу барысында тәуекелдерді бағалаудың сараланған тәсілі, өтемақы мен әлеуметтік қорғау механизмдері секілді халықаралық реттеудің негізгі үрдістері анықталды.

Алынған нәтижелер Қазақстандағы қызметкерлердің әлеуметтік кепілдік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу еңбек құқығы мен әлеуметтік саясаттың дамуына үлес қосып, қызметкерлердің құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Автор өмірбаяны

К.Б. Байтерекова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

К.Б. Байтерекова – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының докторанты, Сәтпаев көш., 2, 010000, Астана, Қазақстан.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Енсебаева, А., Яғмусова , А., & Байтерекова, К. . (2025). Кәсіби тәуекелдер кезіндегі еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктерді бағалаудың халықаралық тәжірибелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 151(2), 198–228. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-151-2-198-228

Журналдың саны

Бөлім

Статьи