COVID -2019 пандемиясы кезіндегі адам құқықтарын шектеудің өзекті мәселелері


Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 5

Авторлар

  • А.Б. Сейфуллина Алматы Менеджмент Университеті https://orcid.org/0000-0001-6571-3122
  • Б.М. Сматлаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Л.Т. Назаркулова Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті https://orcid.org/0000-0003-0240-7712

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-151-2-27-41

Кілт сөздер:

адам құқықтары, адам құқықтарын шектеу, адам құқықтарын шектеу принциптері, адам құқықтары шектеу заңдылығы, адам құқықтары және COVID-2019 пандемиясы, бостандық құқығы, адам құқықтарын құрметтеу

Аңдатпа

Адам құқықтарын шектеу мәселесі күрделі және даулы. Адам құқықтарына шектеулер құқықтардың өзін қорғау үшін енгізіледі, сондай-ақ олардың бұзылуына әкелуіне мүмкін. Адам құқықтарын шектеу пропорционалды, теңгерімді, қажетті, уақытша және мақсатқа сай болуы керек. Әсіресе, COVID-2019 пандемиясы кезінде қолданылған адам құқықтарын шектеу мәселесі өзекті болып табылады. Кез келген шектеулерді енгізген кезде мемлекеттер, ең алдымен, шектеу шаралары мен адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау арасындағы тепе-теңдікті таба отырып, оларды жүзеге асыруына байланысты туындауы мүмкін жағымсыз салдарларды (әлеуметтік және экономикалық теріс салдарларды) барынша азайтуға ұмтылуы керек. Шектеу шаралары транспаренттік, жариялылық, негіздеме қағидаттарын және мемлекеттік органдардың өкілеттігін теріс пайдалануына жол бермеу арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Мақалада Қазақстан Республикасы алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін ескеруі қажет, сондай-ақ адам құқықтарын шектеуді қолдану бойынша әмбебап мониторингті күшейту қажет екендігі атап өтілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сейфуллина A., Сматлаев B., & Назаркулова L. (2025). COVID -2019 пандемиясы кезіндегі адам құқықтарын шектеудің өзекті мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 151(2), 27–41. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-151-2-27-41

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)