Венеция комиссиясы: Қазақстандағы омбудсмен институтының дамуына қосқан үлесі
Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 33
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-151-2-42-59Кілт сөздер:
омбудсмен институты, Венеция комиссиясы, демократиялық институттар, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігі, халықаралық стандартАңдатпа
Мақаланың мақсаты – Еуропа Кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының ( Венеция комиссиясы) Қазақстандағы омбудсмен институтының дамуына қосқан үлесін талдау болып табылады. Осы мақсатта, Венеция космиссиясының Қазақстан Республикасының омбудсмен институтына қатысты үш тұжырымдары сараланады: 1099\2022- Қазақстанның «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Констиуциялық заң жобасына пікір; 1056\2021 -Қазақстанның «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң бойынша пікір; CDL-AD( 2007)020 Қазақастандағы омбудсмен институтының реформасы туралы қорытынды пікірі. Сонымен қатар, мақалада демократиялық институттарды дамытудағы Венеция комиссиясының рөлі мен бағыттары көрсетілген. Қазақстанның Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияға кіру тарихы және Еуропа Кеңесі мен Қазақстан арасындағы келісімдер тізімі сипатталған. 2022 жылғы 5 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңының нормалары Венеция комиссиясының тұжырымдарына сәйкестігі талданды. Ғылыми еңбектің нәтижесінде, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңының нормаларына кейбір ұсыныстар жасалды.