Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың заңнамалық алдын алу мәселелері және халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар


Қаралымдар: 97 / PDF жүктеулері: 167

Авторлар

  • М.А. Сәрсембаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-138-1-47-57

Аңдатпа

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық қылмысын алдын алу шаралары арқылы төмендетуге болады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының және тұтастай алғанда қылмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын жетілдіру қажет. Мақалада «Сыбайлас жемқорлықтың қылмыс ретінде, қоғамдық құбылыс ретінде
алдын алу туралы» жаңа қазақстандық заңды әзірлеп, қабылдаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес анағұрлым табысты болады деп атап өтілді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты белсенді түрде қалыптастыру қажет. Қазақстандық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы институттардың рөлін күшейту керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы мәселелерді көтере және талқылай алатын қоғамдық кеңестердің, республиканың министрліктері мен ведомстволары жанындағы сараптамалық кеңестердің рөлі мен маңызын күшейткен жөн. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы базалық және арнайы халықаралық стандарттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері реттелетін халықаралық шарттардың, келісімдердің, конвенциялардың нормаларымен қалыптастырылады. Осындай халықаралық стандарттардың арқасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның деңгейін төмендетуге болады деп мақалада көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сәрсембаев, М. . (2022). Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың заңнамалық алдын алу мәселелері және халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 138(1), 47–57. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-138-1-47-57

Журналдың саны

Бөлім

Статьи