Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің инвестициялық саясаты: реформалаудың құқықтық аспектілері мен бағыттары
Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 8
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-152-3-158-170Кілт сөздер:
зейнетақы жинақтары, Инвестициялық саясат, БЖЗҚ, құқықтық реттеу, реформалар, зейнетақы жүйесіАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің инвестициялық саясатының құқықтық аспектілері, сондай-ақ оны қазіргі жағдайда реформалаудың негізгі бағыттары қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру, инвестициялық қызметтің ашықтығын және азаматтардың зейнетақы жинақтарын қорғау жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты.
Мақалада зейнетақы қаражатының инвестицияларын реттейтін қолданыстағы заңнаманы талдау, бар проблемалар мен құқықтық тәуекелдерді анықтау, сондай-ақ оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу міндеті қойылған. Зерттеудің мақсаты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) инвестициялық саясатын реттейтін нормативтік-құқықтық базаны зерделеу, оның орнықты даму қағидаттарына сәйкестігін бағалау, сондай-ақ құқықтық реттеуді жетілдіру бағыттарын әзірлеу болып табылады.
Зерттеу әдістері ретінде салыстырмалы-құқықтық талдау, жүйелік тәсіл, логикалық және формальды-құқықтық әдістер қолданылды. Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін реттеудің халықаралық тәжірибесіне және оның қазақстандық құқықтық жүйеге бейімделу мүмкіндігіне ерекше назар аударылады.
Жүргізілген талдау нәтижесінде негізгі проблемалар, соның ішінде активтерді әртараптандырудың жеткіліксіздігі, Инвестициялық шешімдердің ашықтығының шектелуі және институционалдық бақылауды күшейту қажеттілігі анықталды.
Қорытындыда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін, орнықтылығын және құқықтық қорғалуын арттыруға бағытталған инвестициялық саясатты реформалау бойынша ұсыныстар ұсынылды.