Тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу


Қаралымдар: 148 / PDF жүктеулері: 97

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-76-89

Кілт сөздер:

Гидротехникалық құрылыстар, тұрақты даму, құқықтық реттеу, су қауіпсіздігі, су ресурстары, заңнама, апаттық қауіп, мемлекеттік басқару, меншік нысандары, халықаралық тәжірибе, экологиялық қауіпсіздік, нормативтік актілер.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық реттеу мәселелері қарастырылады. Авторлар еліміздегі гидротехникалық құрылыстардың қазіргі жағдайына құқықтық тұрғыдан кешенді талдау жүргізе отырып, осы саладағы заңнамалық реттеудің өзекті кемшіліктерін анықтайды. Гидротехникалық құрылыстардың құқықтық мәртебесінің нақты анықталмауы, оларды басқару және бақылау тетіктерінің жетілдірілмеуі экологиялық және техногендік қауіп-қатерлердің артуына себеп болуда. Осыған байланысты мақалада халықаралық тәжірибе негізінде нормативтік-құқықтық актілерді жетілдірудің және олардың тиімділігін арттырудың нақты жолдары ұсынылады. Сонымен қатар, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің арнайы заңнамасын қабылдау қажеттілігіне ерекше мән беріледі. Авторлар зерттеу барысында нормативтік талдау, салыстырмалы-құқықтық және жүйелі-құрылымдық әдістерді қолданған. Жұмыс нәтижелері гидротехникалық құрылыстарды құқықтық реттеу саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған. Мақала заңгерлерге, экологтарға, су ресурстарын басқару саласындағы мамандарға арналған.

Ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын AP26193915 Тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу жобасын іске асыру мақсатында дайындалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Телеуев, Г. ., Бектурганов, А. ., & Есентемирова, А. . (2025). Тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 153(4), 76–89. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-76-89

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)