Жеке тұлғаны анықтауда Face ID жүйесін қолдану технологиясының құқықтық негіздері


Қаралымдар: 32 / PDF жүктеулері: 20

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-145-159

Кілт сөздер:

Face ID, биометриялық сәйкестендіру, жеке тұлғаны анықтау, құқық қорғау органдары, деректерді қорғау, жасанды интеллект, цифрлық қауіпсіздік, нормативтік-құқықтық база, халықаралық тәжірибе, этика

Аңдатпа

Қазіргі жаһандану дәуірінде жеке тұлғаны дәл және сенімді анықтау мәселесі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруда маңызды орынға ие болды. Осы орайда, биометриялық технологиялар, оның ішінде Face ID жүйесі – адамның бет-әлпетін автоматтандырылған түрде сәйкестендіруді қамтамасыз ететін инновациялық шешім ретінде кеңінен танылуда. Бұл технология жасанды интеллект пен машиналық оқыту алгоритмдерін қолдана отырып, жеке тұлғаның бет-әлпетін жылдам, дәл және көп жағдайда сенімді түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Мақалада Face ID жүйесінің негізгі технологиялық негіздері мен оның құқық қорғау органдарында қолдану практикасы жан-жақты қарастырылады. Қазақстан Республикасында бұл жүйені енгізу және дамыту жағдайы, оның құқықтық негіздері мен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігі сараланады. Зерттеу барысында Қазақстанның ішкі істер, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдарында осы технологияның сынақтан өтуі мен практикалық пайдалану мүмкіндіктері талданады.

Сонымен қатар, жеке деректерді қорғау саласындағы халықаралық стандарттар мен талаптар қарастырылып, Қазақстандағы заңнамалық базаға сәйкестік мәселелері жан-жақты зерттеледі. Face ID технологиясын қолдану барысында жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету міндеттері, деректердің қауіпсіздігі және этикалық аспектілер ерекше назарға алынады.

Мақалада әлемдік тәжірибе, оның ішінде АҚШ, Еуропалық Одақ елдері, Қытай және Жапонияның құқық қорғау жүйелерінде Face ID технологиясын қолдану үлгілері, олардың нормативтік реттеуін салыстырмалы талдау арқылы қарастырылады. Халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық және техникалық аспектілері, ортақ дерекқорлар құрудың маңыздылығы мен технологиялық  стандарттарды үйлестіру қажеттілігі де айқындалады.

Зерттеу нәтижелері ретінде Face ID жүйесін құқық қорғау саласында қолданудың тиімділігі мен оның қауіпсіздік шаралары ұсынылады, сондай-ақ жүйені одан әрі жетілдіру бағытындағы перспективалар мен ұсыныстар беріледі. Бұл технология Қазақстан Республикасының цифрлық трансформация саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Досжанова, А. ., & Бегалиев, Е. . (2025). Жеке тұлғаны анықтауда Face ID жүйесін қолдану технологиясының құқықтық негіздері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 153(4), 145–159. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-145-159

Журналдың саны

Бөлім

Статьи