Балаға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін ата-ана құқықтарынан айырумен байланысты істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктері


Қаралымдар: 30 / PDF жүктеулері: 29

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-160-175

Кілт сөздер:

отбасы, ата-ана, ата-ананың құқықтары мен міндеттері, бала, бала құқықтары, балаға қатыгездік көрсету, зорлық-зомбылық, ата-ана құқығынан айыру, талап арыз, талап қою нысаны, істі қозғау, дәлелдеу

Аңдатпа

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қазіргі уақыттағы ең маңызды әрі күрделі мәселе. Елімізде өмірдің қиын жағдайларына тап болған отбасындағы балалардың зардап шегуі соңғы кезеңдері жиілеп кетті. Ең сорақысы, ата-анасының өз баласына зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетуі, баланы агрессияға тарту, жыныстық, эмоционалды және физиологиялық зорлық-зомбылық көрсетуі үлкен проблемаға айналып отыр.

Баланың ата-ана тарапынан қандай да болсын зорлық-зомбылыққа ұшырауы оның моральдық, физикалық және эмоционалдық жағдайына тікелей әсер етеді. Отбасында балаға зорлық-зомбылық көрсеткні үшін заңмен бірқатар жауапкершілік шарасы көзделген.

Ата-ана құқығынан айыру - баланың құқықтарын өзге жолмен қорғау мүмкін болмаған жағдайларда қолданылатын отбасылық-құқықтық жауапкершіліктің соңғы шекті шарасы болып табылады.

Мақалада балаға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін ата-ана құқығынан айырумен байланысты істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктері талданады. Азаматтық процестік заңнамаға сәйкес талап қою ісін жүргізуде міндетті түрде талап қою құқығының алғышарттары, атап айтсақ, талап арызбен жүгінген жеке және заңды тұлғалардың азаматтық процестік құқық қабілеттілігі, азаматтық істердің соттарға ведомстволығы қарастырылады. 

Сондай-ақ, ата-ана құқықтарынан айыру туралы істер  бойынша сотқа жүгінуде талап арызды және оған қоса берілетін құжаттарды рәсімдеу тәртібі, ата-ана құқықтарынан айыруға негіз болатын (адамның созылмалы маскүнемдікпен (нашақорлықпен) зардап шегетінін растайтын) дәлелдемелерді ұсынудың маңыздылығы талданады. Ұсынылған материалдар мен дәлелдемелерді бағалау кезінде соттар, баланың пікірі мен ата-ананың құқықтарының сақталуын ескере отырып, олардың мүдделеріне сүйенуге тиіс.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Маликова , Ш., Ахатов , У., & Избасова , А. (2025). Балаға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін ата-ана құқықтарынан айырумен байланысты істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 153(4), 160–175. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-160-175

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)