Қазақстан Республикасында азаматтардың дербес деректерін қорғаудың құқықтық мәселелері


Қаралымдар: 158 / PDF жүктеулері: 80

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-57-75

Кілт сөздер:

цифрландыру, Цифрлық кодекс, дербес деректер, биометриялық деректер, сәйкестендіру, дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік

Аңдатпа

Мақалада жеке деректерді қорғау туралы заңнаманың бүгінгі жай-күйі, оны іске асыру барысында туындаған мәселелер және блокчейн технологиясын қолдану арқылы қорғау тетігін жетілдірудің перспективалары қарастырылған. Қазақстанда дербес деректердің заңсыз таралу жағдайларының жиі орын алуы киберқауіпсіздік мәселесінің шешілмеуіне тікелей байланысты болуы, қолданыстағы заңнаманың осал тұстарын жетілдіру қажеттігі зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындап береді. Зерттеу мақсаты - цифрлық технологияларды қолдану арқылы дербес деректердің қорғалуын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізетін құқықтық негіздерді қалыптастыру. Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасында дербес деректер институтын реттейтін заңнамалық кешен қалыптасқаннан кейін алғаш рет дербес деректердің құқықтық табиғатын, дербес деректердің жекелеген түрлерінің айналымын құқықтық реттеу бағыттарын анықтауы, дербес деректердің айналымын реттейтін қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды беруі болып табылады. Олар дербес деректерді қорғау саласында ұлттық ғылыми доктринаны қалыптастырады. Тәжірибелік маңызы жаңа тәжірибелік маңызды тұжырымдар қортындыланады, олар қолданыстағы ұлттық заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді. Сондықтан, оларды құқық шығармашылық саласында қолдануға болады. Зерттеу тәсілдері ретінде жалпы логикалық тәсілдер (индукция, дедукция), жүйелендіру, талдау, тұжырымдау, ғылыми тәсілдер, эмпирикалық тәсілдер қолданылды.

Дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің адамның жеке құқықтарын қорғау міндеті болғандықтан, авторлар цифрлық қауіптерді бақылауды күшейту, халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарына әсерді бағалау рәсімін енгізу қазіргі кезеңде өте маңызды деп атап көрсетіледі. Ол үшін дербес деректерді қорғау стандарттарын орнататын халықаралық актілерге Қазақстан Республикасының қосылуы қажет деген қорытынды жасалады. Дербес деректерді қорғау саласындағы заңдарды жетілдірудің бір жолы – дербес деректерге заңсыз қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайтын тетіктер енгізу және оны деректердің бақылаушысы (иесі, оператор) секілді тараптарды да қамтитын деңгейде іске асыру маңызды. Зерттеу нәтижесінде, қолданыстағы заң бойынша меншік иесі және оператор, сондай-ақ дербес деректерді өңдеуді және сақтауды ұйымдастыруға жауапты тұлға тарапынан тұрақты бақылау және мониторинг процесін реттейтін норма қабылдау қажеттігі жөнінде пікір білдірілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тілеп T. ., & Юхневичус E. . (2025). Қазақстан Республикасында азаматтардың дербес деректерін қорғаудың құқықтық мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 153(4), 57–75. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-57-75

Журналдың саны

Бөлім

Статьи