Қазақстанның атом энергиясы саласындағы заңнамалық саясатының дамуына халықаралық ядролық қауіпсіздік жөніндегі конвенциялардың ықпалы
Қаралымдар: 31 / PDF жүктеулері: 22
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-195-216Кілт сөздер:
халықаралық конвенциялар, ядролық қауіпсіздік, МАГАТЭ, заңнамалық саясат, радиоактивті қалдықтарАңдатпа
Мақала халықаралық ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі конвенциялар мен стандарттардың Қазақстан Республикасының атом энергиясы саласындағы заңнамалық саясатының қалыптасуына және оның әрі қарай дамуына ықпалын талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі елдегі АЭС салу мәселесінің күн тәртібіне шығуына, сондай-ақ ұлттық реттеу тетіктерін халықаралық талаптармен үйлестіру қажеттілігіне байланысты артып отыр. Жұмыс мақсаты – ЯҚТШ, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі конвенция, Бірлескен конвенция және МАГАТЭ қауіпсіздік стандарттарынан туындайтын халықаралық міндеттемелердің ұлттық құқыққа енгізілу тетіктерін айқындау және олардың заңнамалық саясатқа ықпал ету дәрежесін бағалау. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы халықаралық нормалардың жүзеге асырылуын кешенді құқықтық талдау арқылы ашылады. Әдіснамасы халықаралық шарттарды, 2021 жылғы Экологиялық кодекстің және «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңның нормаларын салыстырмалы-құқықтық тұрғыдан зерделеуге негізделген. Алынған нәтижелер Қазақстанның радиоактивті қалдықтарды басқару, лицензиялау, реттеуші тәуелсіздік және трансшекаралық экологиялық бағалау салаларында халықаралық стандарттарға едәуір жақындағанын көрсетті. Зерттеудің құндылығы ядролық қауіпсіздік режимдерінің ұлттық құқықтық саясатқа жүйелік ықпалын дәлелдеуде. Практикалық мәні ядролық энергетика жобаларын іске асыру үшін құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған ұсынымдармен айқындалады.




