Қазақстан Республикасындағы онлайн-туристік платформалардың құқықтық мәртебесі мен жауапкершілігін айқындау мәселелері


Қаралымдар: 151 / PDF жүктеулері: 63

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-135-154

Кілт сөздер:

онлайн туристік платформалар, цифрлық туризм, платформа операторы, туристік қызметті құқықтық реттеу, азаматтық-құқықтық жауапкершілік, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, туристік мәмілелер

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасында цифрлық туризмнің дамуы жағдайында онлайн-туристік платформалардың құқықтық мәртебесін айқындау және платформа операторларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін белгілеу мәселелеріне арналған. Цифрлық технологиялардың туризм саласына кеңінен енуі туристік қызмет көрсету тәсілдерін түбегейлі өзгертіп, туристер, туристік қызмет көрсетушілер және онлайн платформалар арасындағы қатынастардың жаңа үлгілерін қалыптастырды. Алайда қолданыстағы ұлттық заңнама бұл қатынастарды толық әрі жүйелі түрде реттеуге жеткілікті деңгейде бейімделмеген.

Зерттеудің мақсаты – цифрлық туризм жағдайында онлайн-туристік платформалардың құқықтық табиғатын анықтау, олардың туристік қатынастар жүйесіндегі орнын айқындау және Қазақстан Республикасының туристік, азаматтық және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының оларды реттеу тиімділігін талдау болып табылады. Зерттеу барысында формальды-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық және доктриналық талдау әдістері қолданылды, сондай-ақ ұлттық және шетелдік ғылыми көзқарастар мен халықаралық тәжірибе зерделенді.

Мақалада онлайн туристік платформаларды тек ақпараттық делдал немесе туристік қызмет көрсетуші ретінде біржақты жіктеудің жеткіліксіз екені негізделеді. Зерттеу нәтижелері платформалардың туристік мәмілелердің жасалуына, туристердің таңдау еркіндігіне және қызмет көрсету шарттарының қалыптасуына елеулі ықпал ететінін көрсетеді. Сонымен қатар онлайн-туристік платформалардың құқықтық мәртебесінің нақты айқындалмауы және олардың туристер алдындағы жауапкершілік шегінің белгіленбеуі туристердің құқықтарын қорғау деңгейін төмендететіні анықталады.

Зерттеу қорытындылары цифрлық туризмді құқықтық реттеуді жетілдіру қажеттігін негіздеп, онлайн-туристік платформалардың дербес құқықтық мәртебесін айқындауға және олардың жауапкершілігін нақтылауға бағытталған ғылыми және практикалық маңызы бар тұжырымдар ұсынады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тұрысбек A. ., Беисов Y. ., & Исаева Z. . (2026). Қазақстан Республикасындағы онлайн-туристік платформалардың құқықтық мәртебесі мен жауапкершілігін айқындау мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 154(1), 135–154. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-135-154

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық құқық. Азаматтық процесс