Конституциялық Сот судьясы мәртебесінің мазмұны мен ерекшелігі: теориялық және құқықтық талдау


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-155-2-35-49

Кілт сөздер:

конституциялық бақылау, Конституциялық Сот, құқықтық мәртебе, конституциялық судья, судья мәртебесінің модельдері, судьяның конституциялық мәртебесі

Аңдатпа

Зерттеуде Конституциялық Сот судьясының құқықтық мәртебесінің теориялық-құқықтық негіздері қарастырылады. Конституциялық бақылау органының судьясы мәртебесінің конституциялық-құқықтық табиғатына, оның мемлекеттік билік жүйесіндегі орнына, сондай-ақ Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөліне ерекше назар аударылады. Тақырыптың өзектілігі Конституциялық Соттың билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, құқықтық мемлекет қағидаттарын қамтамасыз етуге және конституциялық заңдылықты нығайтуға бағытталған конституциялық бақылаудың маңызды институты болып табылатындығымен айқындалады.

Ғылыми мақаланың мақсаты – Конституциялық Сот судьясының мәртебесінің мазмұны мен ерекшеліктерін ашу, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Польша Республикасының заңнамасы мысалында жекелеген ұлттық модельдерге салыстырмалы-құқықтық талдау жасау. Осыған байланысты мақалада Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының құқықтық мәртебесінің ұғымы, негізгі құрылымдық элементтері мен ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар судьяның құқықтары мен міндеттері, тәуелсіздік кепілдіктері, кандидаттарға қойылатын талаптар, шектеулер мен тыйымдар, өкілеттіктерін тоқтату тәртібі және жауапкершілік негіздері жан-жақты талданады.

Зерттеу барысында Конституциялық Сот судьясының мәртебесі тек сот төрелігін жүзеге асырумен ғана емес, сонымен бірге конституциялық құрылыстың негіздерін қорғаумен байланысты ерекше құқықтық табиғатқа ие екендігі негізделеді. Конституциялық Сот судьясы жоғары кәсіби даярлыққа, құқықтық мәдениетке, тәуелсіздікке және бейтараптыққа ие болуы тиіс. Жүргізілген талдау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының құқықтық мәртебесінің конституциялық құрылыстың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі, заңдылықты нығайтудағы, қоғамның мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттырудағы және құқықтық мемлекетті одан әрі дамытудағы маңызы туралы қорытындылар жасалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кожахметова, С. ., Тулеубаева, Г. ., & Касымбек, А. . (2026). Конституциялық Сот судьясы мәртебесінің мазмұны мен ерекшелігі: теориялық және құқықтық талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 155(2), 35–49. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-155-2-35-49

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық құқық