Экономикалық контрабанданы саралаудың теориялық және тәжірибелік мәселелері
Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 273
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-138-1-133-142Аңдатпа
Мақалада экономикалық контрабанданың саралану мәселелері қарастырылады. Қылмыстың тұжырымдамалық аппаратындағы теориялық және тәжірибелік олқылықтары талданады. Зерттеуші тауарларды және өзге де заттарды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізуді құқықтық регламенттеу саласына да зерттеу жүргізді.
Мақалада ҚР ҚК 234-бабында көзделген қылмысты саралаудың теориялық және тәжірибелік мәселелерінің негізгі ерекшеліктері ашылған. Сонымен қатар, экономикалық контрабанданы саралау теориясы мен тәжірибесінің мәселелерін зерттей отырып, оның дұрыс саралануын қылмыстық-құқықтық нормаларды қолданумен ғана емес, сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу заңын қатаң сақтаумен де қамтамасыз етілетінін қозғайтын боламыз.
Мақалада экономикалық контрабанда құрамының белгілерін айқындау ерекшеліктерін және заңнаманың ережелерін, сондай-ақ қалыптасқан сараптамалық, тергеу және сот тәжірибесін назарға ала отырып, осы көзқарасқа қатысты кейбір сын-ескертпелер көрсетіледі. Мақаланы қорытындылай келе, автор зерттелген мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.