Шет елдердегі ана миграциясы мәселелері: құқықтық талдау және Қазақстанға арналған ұсыныстар
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-155-2-103-114Кілт сөздер:
аналардың көші-қоны, мигранттардың құқықтары, мигрант балаларды қорғау, әлеуметтік саясат, миграция құқығыАңдатпа
Зерттеудің мақсаты – аналардың шетелге қоныс аударуының құқықтық аспектілерін талдау және Қазақстан заңнамасын қазіргі көші-қон саясатының шынайылығына бейімдеу үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Түпкі ой көші-қон жағдайында аналар мен олардың балаларының мүдделерін қорғауға кешенді көзқарас құру қажеттілігі. Мақала Қазақстандағы қолданыстағы мәселелерді талдап, құқықтық реттеуді жақсарту бойынша нақты шараларды ұсынады.
Зерттеу нәтижелері мигранттарды қолдауға арналған жаңа заңнама мен бағдарламаларды әзірлеу кезеңіңде пайдаланылуы мүмкін. Зерттеуде салыстырмалы құқықтану, халықаралық шарттарды және шетел мемлекеттерінің ұлттық заңнамасын талдау әдістері қолданылды.
Мақала мигранттардың ең осал санаттарының бірін құқықтық қорғауды жақсарту үшін нақты шешімдерді ұсына отырып, көші-қон құқығы теориясы мен практикасының дамуына үлес қосады.
Жұмыс нәтижелерін мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да мүдделі тараптар мигрант аналар мен олардың балаларының құқықтарын қорғауға бағытталған тиімді көші-қон саясатын әзірлеу және іске асыру үшін пайдалана алады.




