Экономикалық контрабандаға қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық механизмі: жай-күйі және мәселелері
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-155-2-183-198Кілт сөздер:
экономикалық контрабанда, қылмыстық жауаптылық, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы, Қылмыстық кодекстің 234-бабы, санкцияларды қатаңдату, экономикалық қылмыс, құқық қолдану практикасы, ұйымдасқан қылмыстық топтарАңдатпа
Экономикалық контрабанда мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне төнетін аса қауіпті қылмыстардың бірі болып табылады, ол қаржылық мүдделерге елеулі зиян келтіріп, құқықтық тәртіптің тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Мақалада Қазақстан Республикасында экономикалық контрабанда үшін қылмыстық жауаптылықтың механизімін және жай-күйін, нақтылап айтқанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңнамасының 234-бабының нормасы зерттеліп, нақтыланған. Осы тақырыпты зерттеудің негізгі мақсаты – экономикалық контрабандамен күресудің тиімділігін арттыруға арналған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу. Сонымен қатар, зерттеу ұлттық мүдделерді қорғауға, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз тасымалдаудың алдын алуға бағытталған. Бұл ұсыныстар контрабандалық әрекеттердің жолын кесуге және кедендік бақылау жүйесін жетілдіруге көмектесуді көздейді.
Қылмыстық заңнама нормалары мен сот практикасы талданып, құқық қолдану қызметіндегі өзекті мәселелер айқындалды. Қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, оны қайталап, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы, қызметтік жағдайын пайдаланып, сондай-ақ ірі және аса ірі мөлшерде жасауды ескере отырып, жауаптылықты саралау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Зерттеудің ғылыми маңызы қылмыстық жауаптылық шектерін айқындау тәсілдерін нақтылауда және оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қалыптастыруда көрінеді. Практикалық маңызы – алынған тұжырымдарды заңнаманы жетілдіруде және құқық қорғау органдарының қызметінде қолдану мүмкіндігінде. Зерттеудің әдіснамалық негізін талдау және жинақтау, формальды-құқықтық және салыстырмалы-құқықтық әдістер, сондай-ақ сот практикасын зерделеу құрады.
Зерттеу нәтижесінде бас бостандығынан айыру мерзімдерін және айыппұл мөлшерін ұлғайтуды қоса алғанда, қылмыстық жауаптылықты күшейту қажеттілігі негізделді.
Сонымен қатар лауазымды тұлғалар мен ұйымдасқан топ мүшелеріне қатысты қатаң шаралар белгілеу ұсынылды. Жаза тағайындауды қылмысты жасау тәсілі мен оның салдарының ауырлығына қарай саралау орынды деген қорытынды жасалды. Зерттеу нәтижелері экономикалық контрабандаға қарсы құқықтық тетіктерді жетілдіруге бағытталған.




