Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін құқықтық реттеу: Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттердің заңнамасы мен тәжірибесін талдау
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-155-2-65-78Кілт сөздер:
Гидротехникалық құрылыстар, қауіпсіздік, су саясаты, су қауіпсіздігі, су ресурстары, заңнама, апаттық қауіп, мемлекеттік басқару, меншік нысандары, экологиялық қауіпсіздікАңдатпа
Ғылыми зерттеу Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттерінің тәжірибесі мен заңнамасында гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мәселелері кешенді және жан-жақты зерттелген. Авторлар ғылыми зерттеуде гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі су қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік секілді мемлекет үшін аса маңызды стратегиялық басым бағыттар мен қатар маңызды екені дәлелденді. Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер, Финляндия секілді мемлекеттердің тәжірибесі негізінде ұлттық құқықтық жүйені жетілдіруге қатысты ұсыныстар келтірілді.Авторлар, салыстырмалы құқықтық талдауға негізделе отырып, гидротехникалық құрылыстардың қызметін реттеуде тікелей заң актісінің маңызы, арнайы мемлекеттік орган мен гидротехникалық құрылыстарды санаттарға бөлудің тиімділігі, оларға меншік иелерінің жауапкершілігінің шегін бекітудің тиімділігі секілді шараларды анықтады.
Ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын AP26193915 Тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу жобасын іске асыру мақсатында дайындалды.




