Қазақстан Республикасында аутизм спектрі бұзылысы бар балалардың құқықтарын іске асырудағы өзекті мәселелері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-155-2-11-34

Кілт сөздер:

аутизм, аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ), АСБ бар балалар, құқықтарды іске асыру, диагностика, түзету, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), мемлекеттік органдар, инклюзия, заңнама

Аңдатпа

Аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалар санының тұрақты өсуі жағдайында олардың құқықтық мәртебесін реттеу тетіктерін жетілдіру және мемлекет кепілдік берген құқықтарын тиімді іске асыру мәселесі ерекше өзектілікке ие. Осы зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасында АСБ бар балалардың құқықтарын іске асырудың жүйелі мәселелерін анықтау, қолданыстағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын талдау, сондай-ақ оларды жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Зерттеудің негізгі бағыттары ерте диагностикалау, медициналық, әлеуметтік және білім беру салаларындағы қолдау көрсетудің құқықтық тетіктерін талдауды, осы саладағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін бағалауды және ұлттық заңнаманы дамытудың басым бағыттарын айқындауды қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы АСБ бар балалардың құқықтық мәртебесіне кешенді құқықтық талдау жүргізу арқылы отандық құқықтық доктринадағы ғылыми олқылықтың орнын толықтыруымен сипатталады, ал практикалық маңыздылығы заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдардың әзірленуімен айқындалады. Зерттеудің әдіснамалық негізін талдау және синтез, жүйелік, формальды-заңдық, салыстырмалы-құқықтық әдістер, контент-талдау, құқықтық модельдеу және құқық қолдану практикасын талдау сияқты жалпығылыми және арнайы заңи әдістер құрайды. Зерттеу нәтижесінде АСБ бар балалардың құқықтарын іске асырудағы негізгі мәселелер, атап айтқанда диагностиканың жетілмегендігі, бірыңғай ведомствоаралық тәсілдің болмауы, кадр тапшылығы, дәлелді түзету әдістерінің жеткіліксіз қолжетімділігі және Аурулардың халықаралық жіктемесінің 11-қайта қаралымына (АХЖ-11) көшу қажеттілігі анықталды. Авторлар мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы кешенді ұсыныстар ұсынды. Зерттеудің құндылығы Қазақстан Республикасында АСБ бар балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы одан әрі дамыту үшін ғылыми негіз қалыптастыруында және медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға, құқық қолдану практикасын жетілдіруге әрі АСБ бар балалардың қоғамға толыққанды кірігуін қамтамасыз етуге бағытталған практикалық тетіктерді әзірлеуінде көрінеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Битабарова, Ж., Тусупова , А. ., & Мынбаева, Н. . (2026). Қазақстан Республикасында аутизм спектрі бұзылысы бар балалардың құқықтарын іске асырудағы өзекті мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 155(2), 11–34. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-155-2-11-34

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық құқық