Трансшекаралық сипаттағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың әлеуметтік желілерде жаппай ықпал ету маркерлерін құрастыру және тарату саласындағы түрлері, типтері мен нысандарын жіктеудің ерекшеліктері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-155-2-199-223

Кілт сөздер:

трансшекаралық ұйымдасқан қылмыс, әлеуметтік желілер, жаппай ықпал ету маркерлері, деструктивті контент, ақпараттық операциялар, қауіптерді профайлингтеу, ұлттық қауіпсіздік

Аңдатпа

Бұл мақала цифрлық ортада әрекет ететін және әлеуметтік желілерде жаппай ықпал ету маркерлерін қалыптастыратын трансшекаралық сипаттағы ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарды жіктеудің ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Зерттеу барысында мұндай топтардың бес түрі айқындалды. Олар желілік үйлестіру ядролары, гибридті қылмыстық-идеологиялық бірлестіктер, квазилегалды медиаплатформалар, анонимді таралған қауымдастықтар және уақытша мобилизациялық кластерлер. Құрылымдық тұрғыдан олардың үш типі белгіленді. Олар орталықтандырылған, орталықтандырылмаған және аралас үлгілер. Сонымен қатар, қызмет етуінің жеті формасы нақтыланды. Олардың қатарында ақпараттық вброс жасау, вирустық флешмобтар ұйымдастыру, үйлестірілген қудалау науқандары, манипулятивтік нарративтерді тарату, оқиғаларды қолдан жасау, боттық желілерді пайдалану және деструктивті идеяларды жасырын жарнамалау бар. Зерттеудің негізгі мақсаты аталған құрылымдардың кешенді криминологиялық жіктеу моделін әзірлеу және олардың қоғамдық тұрақтылыққа әсерін анықтау болып табылады. Жұмыс ұлттық қауіпсіздік, жедел қызмет, цифрлық іздерді мониторингтеу мен талдау, қауіптерді профайлингтеу және ұйымдасқан қылмыс теориясы аясында жүргізілді. Әдіснамалық негізін когорттық талдау мен деструктивті контенттің таралу динамикасының корреляциялық байланыстарын зерттеу құрайды. Олар үрейлі көңіл-күйді тарату, құқық қорғау органдарына деген сенімді әлсірету, тарихи жадты бұрмалау, көші-қонға байланысты қақтығыстарды күшейту, экономикалық тұрақсыздық туындату, киберқылмыстың өсуі, көлеңкелі ықпал ету желілерін қалыптастыру және кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тарту. Жүргізілген зерттеу жасырын түрде жаппай мінез-құлықты басқару механизмдерін нақтылап, мемлекеттік деңгейдегі алдын алу стратегияларын және ведомствоаралық өзара іс-қимылды әзірлеуде қолдануға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шалхаров, Е. ., Нартай, А. ., & Рысмагамбетова, Г. . (2026). Трансшекаралық сипаттағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың әлеуметтік желілерде жаппай ықпал ету маркерлерін құрастыру және тарату саласындағы түрлері, типтері мен нысандарын жіктеудің ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 155(2), 199–223. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-155-2-199-223

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық. Қылмыстық процесс