Қазақстан және Түркия Республикасында Омбудсмен институтының шағымдарды қарауының салыстырмалы құқықтық талдауы
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-156-3-11-27Кілт сөздер:
омбудсмен, заң, құқық қорғау, шағымдарды қарау, омбудсменнің есебіАңдатпа
Бұл мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Түркия заңнамасында азаматтардың шағымдарын қарау процесін кешенді салыстырмалы-құқықтық талдау. Екі елдің омбудсмен институттарын салыстырмалы-құқықтық зерттеу- олардың функционалдық ерекшеліктерін, құқықтық мәртебесін және шағымдарды қарау процесіндегі әдіснамалық айырмашылықтарын ғылыми талдауға мүмкіндік береді. Мақалада шағымдарды қарау тәртібі, шешім түрлері, омбудсменнің ұсыныстарын орындамағаны үшін жауапкершілігі, сондай-ақ азаматтардың омбудсмен институтына цифрлық өтініштері қарастырылады. Заңнамалық база мен ғылыми әдебиеттерге сәйкес, Түркия парламенттік бақылаудың классикалық моделін ұстанады, ал Қазақстан институты аралас (президенттік-парламенттік) және конституциялық бақылау механизмдерін біріктіретін адам құқықтарын қорғау моделін білдіреді. Екі елдегі омбудсмендердің құқықтық мәртебесі Конституцияда бекітілген. Салыстырмалы-құқықтық талдау түрік омбудсменінің шағымды қарауы үшін азамат барлық әкімшілік рәсімдерді аяқтауы керек екенін, ал Қазақстан заңнамасында омбудсменге өтініштер арнайы рәсімдерді қажет етпейтінін көрсетті. 2013 жылдан 2024 жылға дейінгі азаматтардың шағымдарының статистикалық талдауы Қазақстан мен Түркия омбудсмендерінің жылдық есептерін пайдалана отырып жүргізілді. 2013 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы мен Түркияның омбудсмендер институттарына түскен шағымдар санының салыстырмалы кестесі Түркияда шағымдар саны шамалы ауытқулармен біртіндеп өскенін, ал Қазақстанда 2021 жылдан бері айтарлықтай өсім байқалғанын көрсетеді. Бұл зерттеу омбудсмен институтының жай ғана әкімшілік шағымдарды жинау механизмі емес, сонымен қатар адамның әділеттілікке қол жеткізу құқығына кепілдік беретін мемлекеттік орган екенін растайды.




