Қазақстан Республикасының еңбек құқығында жұмыскерлердің дербес деректерін қорғаудың кейбір мәселелері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-156-3-125-139

Кілт сөздер:

өңдеу, дербес деректер, қорғау, мониторинг, жұмыскер, еңбек қатынастары

Аңдатпа

Ақпараттық қоғам дамуының қазіргі деңгейі, еңбек саласында ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды орныққан әрі жалпыға танылған түрде пайдалану жұмыскерлердің дербес деректерін қорғау мәселелеріндегі құқықтық жағдайын едәуір күрделендірді. Негізгі идея 2013 жылғы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы еңбек қатынастарының ерекшелігін ескермейді, ал Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (ҚР ЕК) бір ғана жалпы ережемен шектеледі деген тұжырымға негізделеді. Зерттеудің ғылыми және практикалық мақсаты – жұмыскерлердің дербес деректерін қорғауға қатысты құқықтық кепілдіктерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу әдіснамасы жалпы ғылыми әдістерді, сондай-ақ салыстырмалы-құқықтық әдісті, құқықтық модельдеу әдісін, жүйелік әдісті және доктриналық талдауды қамтиды. Бағдар ретінде Қазақстан Республикасының дербес деректер, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект саласындағы қолданыстағы цифрлық заңнамасымен қатар ЕО-ның Деректерді қорғау жөніндегі жалпы регламенті, 95/46/EC Директивасы, ХЕҰ-ның Практикалық кодексі және алгоритмдік басқару саласындағы шетелдік зерттеулер пайдаланылды. Зерттеудің негізгі нәтижелері ҚР ЕК-ге жеке тарау енгізу қажеттілігін негіздеу және деректерді өңдеу қағидаттарын, жұмыс берушінің міндеттерін, жұмыскерлер мен олардың өкілдерінің құқықтарын, деректерді иесіздендіру және жою тәртібін, сондай-ақ шағым жасау құқығын белгілейтін ережелерді әзірлеу болып табылады. Зерттеу осы саладағы әкімшілік санкциялардың едәуір қатаңдатылуы жағдайында халықаралық стандарттарды Қазақстанның еңбек заңнамасында қолдануға бағытталған. Зерттеу нәтижелері еңбек қатынастары саласындағы ішкі саясатты әзірлейтін заң шығарушы органдар мен жұмыс берушілерге арналған.

Автор өмірбаяны

К.Б. Касымова, Қазақ ұлттық спорт университеті

 

 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Касымова X. ., Сатыбалдиева M. ., & Головина S. . (2026). Қазақстан Республикасының еңбек құқығында жұмыскерлердің дербес деректерін қорғаудың кейбір мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 156(3), 125–139. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-156-3-125-139

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық құқық. Азаматтық процесс