Жер құқықтық қатынастарын цифрландырудың өзекті аспектілері
Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 233
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2021-137-4-46-52Кілт сөздер:
цифрландыру, блокчейн, биг дата, космомониторинг, жер қатынастарыАңдатпа
Мақалада жер құқықтық қатынастарында ақпараттық және цифрлық құралдарды қолданудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған. Қолданыстағы заңнаманы және экономиканы цифрландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды ескере отырып, жер қатынастарында цифрлық технологияларды қолдануға нақты ұсыныстар берілді. Оның ішінде, бюрократия мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін блокчейн, биткоин және биг дата технологияларын қолдану. Қолданыстағы қауіптерді (хакерлік шабуылдарды) және Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін ескере отырып, жерді жеке меншікке жылдам әрі қауіпсіз беру немесе уақытша жер пайдалану құқығын беру үшін блокчейн технологиясын қолдану ұсынылады. Цифрлық құралдарды қоғамдық қатынастарға интеграциялау Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жылдамдығы мен сапасын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жер құқығы қатынастарының, оның ішінде мемлекеттің субъектілері арасындағы ықтимал тәуекелдер мен дауларды болғызбау үшін Қазақстан Республикасындағы жер қатынастары автоматтандырылуға және цифрландырылуға тиіс.