«Барлыбек Сырттанұлының «Қазақ елі Жарғысының» конституциялық мәні (С.Б. Алашинский)»


Қаралымдар: 194 / PDF жүктеулері: 143

Авторлар

  • Е.К. Нұрпейісов «Алашорда» қоғамдық қоры
  • С.А. Жүсіп Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-144-3-29-41

Кілт сөздер:

Қазақ елінің Жарғысы, конституция үлгісі, конституционализм, доминион, республика, парламентаризм, адам құқы, әйел теңдігі, сот тәуелсіздігі

Аңдатпа

ХХ ғасырдың басында Қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалыстың екі бағыты болды, олардың өкілдері қазақ халқын отаршылдықтан азат етудің мүмкін жолдарын басқаша бағалады. Ұлттық-діни зиялы қауым Ресейдің мұсылман халықтарымен күш біріктіре отырып, халықты исламдандыруға басымдық берді, ол қуатты біртұтас діни күш ретінде отаршылдыққа тәуелділік тізбегін бұзып, халықтарды бостандық пен тәуелсіздікке жетелейді деп сенді.

Ұлт-азаттық қозғалыстың тағы бір бағыты «батысшылдар» деп аталады - еуропалық гуманитарлық және демократиялық мәдениеттің идеялары мен құндылықтарын сіңірген озық ұлттық зиялы қауым.

Бұл ағымдардың идеялық негіздері мен постулаттары түбегейлі ерекшеленді, дегенмен олардың түпкі мақсаты – халықты отарлық тәуелділіктен босату.

«Батысшылдар» идеологиясының негіздерін нығайтуда Ә.Н. Бөкейханның қазақтарының тарихы туралы «Қырғыздар» (яғни «Қазақтар») атты очеркі және соның бастамасымен Б. Сырттанұлы жазып шыққан  "Қазақ Елінің Жарғысы" атты тұңғыш қазақ конституциясының жобасы шешуші рөл атқарды. Бұл ретте Ә. Бөкейханның очеркінде қазақтар қоныстанған жерлерді қазақтың көнеден қалған төл жері, ал «Қазақ Елінің Жарғысында» юрисдикциясы осы аумаққа таралуы тиіс парламенттік республиканың конституциялық моделі ұсынылған. Осылайша, қазақтардың өмір сүруінің шекті шекарасы Қазақ Елі Республикасының мемлекеттік шекараларына айналуы тиіс еді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нұрпейісов, Е., & Жүсіп, С. (2023). «Барлыбек Сырттанұлының «Қазақ елі Жарғысының» конституциялық мәні (С.Б. Алашинский)». Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 144(3), 29–41. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-144-3-29-41

Журналдың саны

Бөлім

Статьи