Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық құқықтық санкциялар


Қаралымдар: 238 / PDF жүктеулері: 135

Авторлар

  • Е.Н. Нұрғалиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
  • А.К. Карибаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-143-2-149-156

Кілт сөздер:

конвенциялар, азаматтық-құқықтық санкциялар, сыбайлас жемқорлық, жарамсыз мәмілелер

Аңдатпа

Мақала қазақ заң әдебиетіндегі аз зерттелген тақырыптың бірі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін азаматтық-құқықтық санкцияларға арналған. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралдары туралы қылмыстық және азаматтық-құқықтық негізгі Конвенцияларға қосылуына байланысты авторлар осы Конвенциялардың мазмұнын, олардың ережелерін қазақстандық заңнамада орын алуын талдайды. Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы Конвенцияның мазмұнына және Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің нормаларына салыстырмалы құқықтық талдау көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мәмілелері мен олардың жарамсыздығы салдарын қарау кезінде қылмыстық санкцияларға қатысты қосымша рөл атқаратын азаматтық-құқықтық санкциялар ретінде соңғысының қолданылатын нормалары жеткілікті, Дегенмен, сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке жеткілікті көңіл бөлінбейтінін көрсетіп отыр. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында да сыбайлас жемқорлықтан зардап шеккен тұлғаларды қорғаудың тиімді әдістері әлі табылмағаны атап өтіледі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі азаматтық-құқықтық заңсыз мәмілелердің барлық нормаларын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «сыбайлас жемқорлық мәмілелері» олардың жарамсыздығы салдары туралы түсінігіне бірден анықтама бере отырып және заңсыз мәмілелерді толық көшіру ұсынылып отыр. Бұл мақаланың негізгі мақсаты, авторлардың пікірінше, құқық қорғау және құқыққолдану органдарының назарын қасақана жасалған, бірақ азаматтық-құқықтық мәмілелердің жалпы белгілерімен біріктірілген сыбайлас жемқорлық мәмілелермен анықтаудың объективті қажеттілігі деп тану болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нұрғалиева E. ., & Карибаева, А. . (2023). Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық құқықтық санкциялар. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 143(2), 149–156. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-143-2-149-156

Журналдың саны

Бөлім

Статьи