Сот билігінің заң көмегі және делдалдық институттарымен өзара әрекеттесуі
Қаралымдар: 166 / PDF жүктеулері: 223
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-141-4-8-20Аңдатпа
Мақалада сот жүйесінің адвокат, заңгерлік кеңес, нотариат, медиация сияқты құқықтық көмек және делдалдық институттарымен қарым-қатынасы талданады. Белгіленген тақырыптың өзектілігі анықталды, ол істер мен дауларды шешудің соттан тыс әдістерін қолданумен, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу шараларымен сипатталатын қалпына келтіру және алдын алу сот төрелігі тұжырымдамасы идеяларының дамуымен артады. Бұл әдістер соттар жүзеге асыратын дәстүрлі сот төрелігін толықтыра отырып, қорғаушыларды, заң кеңесшілерін, медиаторларды, нотариустарды істер мен дауларды шешу процесіне тарта отырып, халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін және сот төрелігінің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні көрсетілген. Сот жүйесі мен құқықтық көмек және медиация институттарының өзара әрекеттесу нысандары зерттеледі. Соттар мен соттан тыс органдардың өзара әрекеттесу салалары айқындалды. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауда сот және соттан тыс органдардың өзара ынтымақтастығының оң жақтары атап өтілді. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар жасалып, ұсыныстар беріледі.