Ұлттық жүйелер ішінде және арасындағы академиялық және ғылыми ұтқырлықты одан әрі дамыту мақсатында оқыту курстарын тану мәселелері бойынша ратификацияланған өңірлік және халықаралық құқықтық актілерді талдау
Қаралымдар: 106 / PDF жүктеулері: 74
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-144-3-179-193Кілт сөздер:
оқу курстарын тану, академиялық ұтқырлық, ғылыми ұтқырлық, шарттар, ғылыми-білім беру процесі, инновация, заңАңдатпа
Бұл ғылыми мақалада студенттердің, оқытушылардың, зерттеушілердің, әкімшілік қызметкерлердің академиялық және ғылыми ұтқырлықты пайдалану, Болон ғылыми-білім беру үдерісі негізінде халықаралық ынтымақтастыққа қатысу арқылы мақсаты болған бірегей оқу курстарын тануға қатысы бар жалпыға бірдей, аймақтық, екіжақты халықаралық жария-құқықтық актілер зерттелді. Бұл тәсіл білім деңгейі мен сапасын арттыруға, қатысушылардың өз елінде жеткілікті дамымаған құбылыстардың, жаңа технологиялардың ұтқырлығы туралы терең біліміне ықпал етеді. Мақала авторлары тиісті курстарды оқып, шетелдік университеттерде бірлескен жобаларға ғылыми зерттеулер жүргізгісі келетіндердің ағылшын тілін, басқа да әлемдік тілдерді, олардың кәсіби терминологиясын терең игеруіне ерекше назар аударады. Халықаралық жеке құқық және қазақстандық азаматтық құқық негізінде халықаралық және ішкі академиялық және ғылыми ұтқырлық шеңберіндегі университеттердің ынтымақтастығы туралы екіжақты шарттар мен келісімдер осы ұтқырлықты имплементациялауға практикалық жәрдем көрсетеді.