Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың заңсыз айналымының қоғамдық қауіптілігі мен қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану мәселелері
Қаралымдар: 61 / PDF жүктеулері: 68
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-147-2-38-51Кілт сөздер:
қоғам, мемлекет, ақпараттық қауіпсіздік, қылмыстық құқық бұзушылықтар, қылмыстарды ашу, құқықтық реттеуАңдатпа
Бұл мақалада авторлар ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың заңсыз айналымының қоғамдық қауіптілігі мәселелерін және қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану мүмкіндіктерін зерттейді.
Ғылыми зерттеудің мақсаты - аталған тақырыпқа сәйкес қоғамдық қауіптілігі зор болатын құқықбұзушылықтардың Қазақстан Республикасы аумағында жасалуы мүмкін деген тұжырымдарды зерттеуге және оның алдын алу шараларын қамтамасыз етуді көздейді. Негізгі бағыттары арнайы техникалық құралдардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, қандай да бір құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда қылмыстық құқықтық шараларды қолдануды пысықтауды талдау, дамудың жаңа перспективаларының пайда болуымен арнайы техникалық құралдардың заңсыз айналымының алдын алуда құқық қорғау, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам қолданатын әдістерді жалпылау қажеттілігімен байланысфты бағыттарын анықтайды. Ғылыми зерттеу идеясы қылмыстық-құқықтық шараларды қолдануға арналған арнайы техникалық құралдардың заңсыз айналымының қоғамдық қауіптілік мәселелерін зерттейді деген гипотеза негізделеді.
Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызының қысқаша сипаттамасы. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмысты бағалау, талдау және жүйелеу осы жұмыстың бір бағытын құрайды. Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңыздылығы оның қорытындылары мен ұсыныстарындағы тұжырымдар қылмыстарға одан әрі қарсы тұруға ықпал етуі мүмкін.
Зерттеу әдістемесінің қысқаша сипаттамасы - эксперименттік жолмен алынған деректерді эмпирикалық талдау. Ақпараттық қауіпсіздігі әртүрлі қауіп-қатерлерге жиі ұшырайтынына орай, бүгінгі таңда азаматтардың жеке және отбасылық құпияға құқықтарын бұзу, коммерциялық құпияны бұзу, мемлекеттік құпияны жария ету жағдайлары жиі кездесетініне байланысты ғылыми зерттеулерді ұсынады.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері - жүргізілген зерттеу негізінде авторлар жағдайды жақсарту үшін ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың заңсыз айналымының қоғамдық қауіптілік мәселелерін шешу бойынша неғұрлым мақсатты іс-қимылдар, саясат және шаралар қабылдау.
Талдаулары - құқық қорғау органдары тарапынан қолданылатын шараларды жүзеге асыру барысында тергеу тақтикасының жекелеген түрлерін қолдана білу, олардың тиімді алгоритмін көрсете алу.
Қорытындылары - ақпараттың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген республика аумағында ақпаратты жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға қатысты негізгі қағидаттарды қамтиды.
Жүргізілген зерттеудің мәні – аталған құқықбұзушылық түрлерін зерттеу нәтижесінде әдістемелік ұсыным дайындау және оны оқу процесіне енгізу, зерттеу жұмысының практикалық мәні құқықтық базаларды, профилактикалық жұмыстарды, сондай-ақ осындай қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу мен ашудың тактикасы мен әдістемесін жетілдіру маңызды болып табылады.