Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру контексіндегі «Жаңа Қазақстанның» құқықтық жүйесінің даму перспективалары: тарихи-құқықтық аспект


Қаралымдар: 129 / PDF жүктеулері: 315

Авторлар

  • З.З. Нұрыш
  • Е.И. Исибаева

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-141-4-21-33

Аңдатпа

Мақала «Жаңа Қазақстанның» құқықтық жүйесінің даму перспективаларын тарихи құқықтық аспект негізінде қарастырылған. Құқықтық мемлекеттегі құқықтық жүйенің барлық аспектілерін модернизациялау жағдайында өсіп келе жатқан ұйымдастырушылық және шығармашылық рөлі әлеуметтік процестерді басқарудың оңтайлы құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Сонымен бірге қазіргі заманғы құқықтың мазмұны мен мәнін, құқық функцияларын, оның әлеуметтік құндылығын, құқықтық реттеу тетігі мен оның тиімділігін, ішкі құқықтың даму заңдылықтары мен үрдістерін, құқықтық нысанның реттелетін қоғамдық қатынастардың мазмұнымен арақатынасын тереңірек ашуға мүмкіндік беретін құқықтың қолданылуы мен іске асырылуын зерттеуге байланысты жаңа шешімдерін талап етеді. Бұл мемлекеттің құқықтық саясаты саласындағы тиісті бағдарламаларды, заңнамалық жұмыстың ұзақ мерзімді және жылдық жоспарларын және елдің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу үшін негіз болып табылады. Оның мемлекеттік құқықтық міндеттерге қол жеткізудің маңызды құралы болып табылатын мемлекеттік билік институттарының тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталуы өзекті мәселе. Сондықтан, елдің құқықтық саласында тексерілген саясат, стратегия және тактика болмаса, қоғамдық өмірдің кез-келген саласында мақсатты, жоспарланған қызмет болуы мүмкін емес. Еліміздің алдағы жылдардағы құқықтық саясатының негізгі басымдықтарын айқындайтын тұжырымдама құқық салаларын белсенді жетілдіруге және қазақстандық заңнаманың жаңа буынын қалыптастыруға ғана емес, сонымен бірге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғаудағы сот және құқық қорғау органдарының тиімді жұмысына бағытталуы керек деген ойдамыз.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нұрыш, З. ., & Исибаева, Е. . (2022). Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру контексіндегі «Жаңа Қазақстанның» құқықтық жүйесінің даму перспективалары: тарихи-құқықтық аспект. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 141(4), 21–33. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-141-4-21-33

Журналдың саны

Бөлім

Статьи