Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері (практикалық қызметкерлерге жүргізілген сауалнама негізінде)
Қаралымдар: 64 / PDF жүктеулері: 35
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2019-128-3-%25pАңдатпа
Белсенді заң шығару процесі жағдайында қалыптасатын құқық қолдану практикасы қылмыстық іс жүргізу қызметін жетілдіру жолдарын іздестіру және жаңа заңды іс жүзінде қолдануға байланысты проблемаларды шешуге бірыңғай тәсілді әзірлеу тұрғысынан тұрақты талдауды
және өзгерістерді талап етеді. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын өзгерту, жетілдіру туралы немесе
қандай да бір жаңа нормаларды енгізу туралы кез келген ұсыныс тек таза логикалық дәлелдерге ғана
емес, сондай-ақ жетілдіру ұсынылатын қылмыстық іс жүргізу нормаларының тиімділігін зерделеудің нақты практикалық нәтижелеріне де сүйенуге тиіс. Осы мақала авторлардың қолданысында
бар материалдардан: құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне (прокурорларға, тергеушілерге,
анықтаушыларға), судья, адвокаттарға Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелеріне негізінделе отырып дайындалған. Сауалнама барысында жиналған респонденттердің жауаптарын талдай отырып, авторлар
бүгінгі таңда ҚР ҚПК-нің кейбір мәселелері бойынша отандық ғалымдардың пікірлеріне сәйкестік
жүргізіп, тиісті қорытындылар жасалады.