Қазақстан мен АҚШ-тағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді құқықтық реттеудің кейбір ерекшеліктері


Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 40

Авторлар

  • Гузаль Галиакбарова «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ

Кілт сөздер:

білім беру жүйесі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, академиялық еркіндік, заң, Қазақстан, АҚШ, жоғары білімнің ұлттық моделі

Аңдатпа

Қазақстандағы білім беру жүйесі тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, жыл сайын білім берудің ұлттық моделін, оның ішінде адам ресурстарын даярлау сапасын арттыруға, жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру моделін қалыптастыру жолында барлық жаңа бағыттар мен белгілі міндеттерді айқындай отырып, үздіксіз дамып келеді.

Зерттеудің мақсаты Қазақстан мен АҚШ-тағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді құқықтық реттеуге салыстырмалы талдау жүргізу болып табылады.

Қазақстан мен АҚШ-тағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді құқықтық реттеуді кешенді талдау зерттеудің ғылыми маңыздылығы болып табылады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы АҚШ-тың озық тәжірибесі негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеумен ерекшеленеді.

Зерттеу салыстырмалы-құқықтық талдау әдісін, сондай-ақ формальды-логикалық, тарихи-құқықтық, жүйелік-аналитикалық әдістерді қолдана отырып жүргізілді.

Қазақстан мен АҚШ-тағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйелерінің бірқатар ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар деген негізі қорытынды келтірілген.

Зерттеудің құндылығы оның Қазақстан мен АҚШ-тағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді құқықтық реттеу туралы біртұтас түсінік қалыптастыруында. Бұл ретте, зерттеу нәтижелері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ білім беруді дамыту бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Галиакбарова, Г. (2024). Қазақстан мен АҚШ-тағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді құқықтық реттеудің кейбір ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 146(1), 129–146. Retrieved from https://bullaw.enu.kz/index.php/main/article/view/346

Журналдың саны

Бөлім

Статьи