«Нысаналы капитал қорлар (эндаумент қорлар) туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасындағы нормаларына сәйкес эндаумент қорларындағы меншік құқығының ерекшеліктері
Қаралымдар: 60 / PDF жүктеулері: 52
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-147-2-178-187Кілт сөздер:
нысаналы салымдар, эндаумент, нысаналы капитал қорлар, эндаумент қорлар, эндаумент қорына меншік құқығы, сенімгерлік басқару, титулдық меншік құқығы, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өкілеттіктерді шарт бойынша беру, арнайы мүліктік құқықтарАңдатпа
Мақалада «Нысаналы капитал қорлар (эндаумент қорлар) туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының нормаларына сәйкес эндаумент қорларына берілетін мүлікке меншік құқығының мазмұны және бұл құқықты тұрмыста қолдану мәселелері талқыланады. Осы мақсатта жаңа санаттағы меншік құқығының субъектілері мен объектілері, сондай-ақ сенімгерлік басқару институтын реттейтін қолданыстағы нормалардың контекстіндегі меншік құқығының мазмұны туралы мәселелерге теориялық талдау жасалды, нысаналы капитал қорларының (эндаумент қорларының) қызметіне қатысты новеллаларды енгізу мәселелері талданды. Меншiк иесiнiң өкiлеттiгiн талдай отырып, бұл категорияны заттық құқықтың және жалпы заттық құқықтардың басқа нысандарынан ажырата отырып, жаңа санаттағы меншiк құқығының кейбiр
маңызды белгiлерi мен сипаттамалары анықталады; нысаналы салымдарға (эндаументтерге) меншік құқығы титулдық меншік құқығының ерекше белгілері бар арнайы мүліктік құқық ретінде анықталады, ол меншік иесінің мүліктік құқықтарын заң жүзінде тануды, қорғауды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, егер сенімгерлік басқару шарты бойынша барлық үш құқығы – мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету, берілетін болса да. Қорытындыда авторлар қарастырылған мәселелердің нәтижелері бойынша нақты тұжырымдар жасады.