Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдағы қылмыстық іс жүргізу саясатының кейбір аспектілері


Қаралымдар: 114 / PDF жүктеулері: 92

Авторлар

  • Н.Б. Мергембаева

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-140-3-81-88

Аңдатпа

2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе және т.б. қалаларында болған террористік актілермен шайқалды. Автор Қылмыстық-процестік әрекеттерді жүргізудің тиімділігін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан бастап қылмыстың осы санаттары бойынша сот шешім қабылдағанға дейін зерттеуді жүргізеді. Мақалада статистикалық және логикалық әдістерді қолдану арқылы терроризм мен экстремизмге байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, сотқа дейінгі тергеу және ашудағы ішкі істер органдары мен экономикалық тергеу қызметінің тиімсіз қызметінің негізгі себептері қарастырылады.
Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл көптеген мемлекеттерде өзекті мәселе болып табылатынын білеміз, өйткені барлық діни экстремистік ағымдар елімізге сыртқы әлемнен, яғни экстремистік-террористік іс-әрекет әлемдік ауқымдарды қамтитын жақын және алыс шетелдерден келеді. Осыған байланысты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осы бағыттағы қылмыстық іс жүргізу саясаты неғұрлым пәрменді және тиімді шараларды талап етеді деп санаймыз. Қорытындылай келе, автор зерттелген мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мергембаева, Н. . (2022). Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдағы қылмыстық іс жүргізу саясатының кейбір аспектілері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 140(3), 81–88. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-140-3-81-88

Журналдың саны

Бөлім

Статьи