Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің еңбегін құқықтық реттеу: Қазақстанның еңбек заңнамасындағы қайшылықтар мен олқылықтар
Қаралымдар: 176 / PDF жүктеулері: 923
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-139-2-50-68Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның қолданыстағы еңбек заңнамасына қысқаша талдау жүргізіліп, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің еңбегін құқықтық реттеудің кейбір проблемалық аспектілерін анықтауға әрекет жасалды. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық жағдайының ерекшелігі олардың еңбегін реттеу еңбек құқығының жалпы нормаларына ғана емес, сонымен қатар олардың қызметінің әртүрлі ерекшеліктеріне әсер ететін арнайы нормативтік актілерге де негізделетіндігімен байланысты. Қазақстанның еңбек құқығында ғылыми тұрғыдан медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі жеткілікті зерттелген жоқ. Осыған байланысты қолданыстағы қазақстандық еңбек заңнамаға талдау жасалып, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің еңбегін құқықтық реттеудегі кейбір олқылықтар анықталды. Зерттеу барысында медицина және фармацевтика қызметкерлерінің еңбегін реттейтін кейбір шет елдердің қолданыстағы еңбек заңнамасының ережелеріне де назар аударылды. Мақалада жүргізілген зерттеудің нәтижелері бойынша қазақстандық еңбек және медициналық заңнаманы жетілдіруге бағытталған авторлардың ұсыныстары көрсетілді.