Қазақстан Республикасында тұрмыстық медициналық қалдықтарды жинау және утилизациялау жүйесін енгізу мен құқықтық реттеуді қалыптастыру перспективалары
Қаралымдар: 151 / PDF жүктеулері: 152
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-143-2-32-40Кілт сөздер:
медициналық қалдықтар, медициналық тұрмыстық қалдықтар, утилизация, медициналық қалдықтарды жинау жүйесі, дәрі-дәрмектер, фармацевтикалық компаниялар, қоршаған ортаны қорғауАңдатпа
Қазақстан Республикасында медициналық қалдықтарды жинау және утилизациялау жүйесінің қолданыстағы тетігінде тұрмыстық медициналық қалдықтарды утилизациялау қызметі регламенттелмеген, бұл өз кезегінде көптеген экологиялық мәселелерді тудыруда.
Мақалада тұрмыстық медициналық қалдықтарды жинау және утилизациялау жүйесін елімізде енгізу мүмкіндіктері қарастырылады. Қойылған мақсат халықты және қоршаған ортаны медициналық тұрмыстық қалдықтардың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін қабылдауды ұсына отырып, оны құқықтық реттеудің механизмдерін қалыптастырудың оңтайлы жолдарын қарастыру болып табылады.
Мақала авторларымен шет елдердегі үй жағдайында шығарылатын медициналық қалдықтарды жинау жүйелері зерттеліп, үздіктерін Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндіктері талқыланады.
Құқықтық негізді қалыптастыру үшін бірнеше кодекстер мен нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Елдің экологиялық заңнамасына «медициналық тұрмыстық қалдықтар» ұғымын енгізу қажет екендігі негізделген.
Авторлармен медициналық тұрмыстық қалдықтарды жинау мен утилизацияға дейін жеткізу жүйесін енгізу еліміздегі осы қалдықтарды тиімді басқаруға мүмкіндік беріп, оның айналымын бір жүйеге келтіретінін атай келе, еліміз үшін жүйе қажет және енгізілу мүмкіндіктері мемлекеттік деңгейде қарастырылуы тиіс деген қорытынды жасалынады.