«Халықтың көші-қоны» ұғымын анықтаудың өзекті мәселелері


Қаралымдар: 134 / PDF жүктеулері: 528

Авторлар

  • Д.Ә. Жампеисов
  • Д.Ә. Жампеисов

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-139-2-8-18

Аңдатпа

Заманауи халықаралық геосаяси жағдай халықтың көші қоны мәселелерін өзектендіруде. Бірқатар мемлекеттерде болып жатқан әскери, экономикалық мән жайлар жүздеген мың адамдардың әртүрлі бағыттарда қоныс аударуына әкеліп соқты.
Осы үдерістердің Қазақстанға тікелей әсер етуі осы тақырып бағытында ғылыми ізденістерге сұранысты арттырады. Оған қоса Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасының мерзімі аяқталып, 2022-2026 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы әзірленуде. Кез келген тақырыпты зерттеу кезінде ұғымдар аппаратын анықтап алмаса, әртүрлі түсініспеушіліктер, оның нәтижесінде қате шешімдер де қабылдануы мүмкін. Сондықтан, әрбір құбылыстың негізгі ұғымдарын анықтау, оларға анықтама берудің маңызы орасан зор. Ғылыми қауымдастық арасында халықтың көші қоны ұғымының келісілген ортақ нұсқасы жоқ. Оған қоса халықаралық құқықтық деңгейде де ортақ нұсқасы бекітілмеген. Мақалада тақырыпқа қатысты ғылыми пікірлерге талдау жасалып, ғылыми пікір алмасуды дамыту, отандық заң шығарушыға негізді балама ұсыну үшін негізгі ұғымдарға анықтамалар беріледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жампеисов, Д. ., & Жампеисов, Д. . (2022). «Халықтың көші-қоны» ұғымын анықтаудың өзекті мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 139(2), 8–18. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-139-2-8-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи