Цифрлық активтердің түрлері мен классификациялануы: құқықтық аспект
Қаралымдар: 178 / PDF жүктеулері: 51
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-51-67Кілт сөздер:
Криптоактив, цифрлық валюта, стейблкоин, утилити токен, секьюрити токен, цифрлық актив, өзгермейтін таңбалауыштарАңдатпа
Цифрлық экономика құндылықты құру, сақтау және беру тәсілін өзгертті. Нәтижесінде әрқайсысының бірегей сипаттамалары мен функционалдығы бар цифрлық активтердің әртүрлі түрлері пайда болды. Бұл мақалада криптовалюталар мен стабилкоиндерден бастап, өзгермейтін таңбалауыштарға (NFT) және орталық банктің цифрлық валюталарына (CBDC) дейінгі цифрлық активтердің әртүрлі түрлері зерттеліп, олардың технологиялық негіздері, экономикалық рөлдері және құқықтық айырмашылықтары көрсетілген. Цифрлық активтердің әртүрлі санаттарын түсіну арқылы біз олардың қазіргі цифрлық дәуірдегі мүмкіндіктері мен қиындықтарын бағалай аламыз.
Бұл мақала соңғы жылдары пайда болған санаттарды терең талдай отырып, цифрлық активтерді жіктеуді ғылыми (технологиялық және құрылымдық) және құқықтық (меншік және реттеу) тұрғысынан қарастыруға бағытталған. Ол сондай-ақ, Қазақстандық, Еуропалық Одақ (ЕО) және Америка Құрама Штаттары (АҚШ) сияқты юрисдикциялардағы әртүрлі құқықтық құрылымдардың құндылық алмасудың осы жаңа нысандарын басқару үшін қалай дамып жатқанын зерттейді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы-олардың технологиялық және құқықтық сипаттамаларына негізделген цифрлық активтердің авторлық классификациясын жасауда. Жұмыстың практикалық маңыздылығы заңнаманы, құқық қолдану практикасын жетілдіру және цифрлық активтер саласындағы реттеуші тәсілдерді әзірлеу кезінде алынған нәтижелерді пайдалану мүмкіндігінен тұрады.




